Спорт • Кеше

Жарыс күнделігі: Шахмат

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Грузияның Батуми қала­сын­да Халық­аралық шахмат федерациясының (FIDE) кеңесі өтті. Аталған жиында 10 ойыншыға гроссмейстер атағы берілді. Солардың қатарында біздің Бибісара Асаубаева да бар. Сөйтіп, 21 жастағы шахматшы осындай дәрежеге жеткен еліміздің екінші өкілі атанды. Оған дейін бұл белес Жансая Әбдумәлікке бағынған еді.

Жарыс күнделігі: Шахмат
  • Қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3) 26 шілдеде Әбу-Дабиде ұйымдастырылатын UFC on АВС 9 турнирінің негізгі кардында күш сынасады. Оның қарсыласы – перулық Хосе Очоа (8-1). Кештің басты бәсекесінде ауcтралиялық Роберт Уиттакер (26-8) мен нидерландтық Ренье де Риддер (20-2) айқасады. Сондай-ақ Пётр Ян (18-5) мен Маркус Макги (10-1), Брайс Митчелл (17-3) мен Саид Нұрмагомедов (18-4), Шарабутдин Магомедов (15-1) пен Марк-Андре Баррио (17-9) өзара күш сынасады.
  • Футболдан УЕФА Чем­пион­дар лига­сының екінші ірік­теу кезеңінде «Қайрат» Фин­лян­дияның КуПС-ына қарсы ойнады. Суоми елінде өткен бәсе­ке 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Голдардың авторлары – Мүхамед Туре мен Яакко Оксанен. Қарымта матч 29 шілдеде Алматыда өтеді.
  • Алматыда үстел теннисінен «WTT Youth Contender» деп аталатын халықаралық турнирдің шымылдығы түрілді. Ұлдар мен қыздар, жасөспірімдер мен жастар, жұптар арасында өтіп жатқан жарыста 16 мемлекеттен келген 235 спортшы бақ ­сынайды.
  • Ресейлік маман Евгений Королев Құрлықтық хоккей лига­сында (ҚХЛ) бақ сынап жүр­ген Астананың «Барыс» клубы­ның бас бапкерінің міндетін ақтарушы болып тағайындалды. Кезінде Канада, АҚШ, Ресейдің түрлі командаларында өнер көрсеткен шебер 2016 жылдан бері жаттық­тырушылық қызмет атқарады.
  • Парсы шығанағында өткен «The Ultimate Fighter 33 UAE Warriors» турнирінің тұсаукесер кездесуінде Абай Жалал кезінде «ARES Fighting Championship» пен «Extreme Fighting Championship» про­моушендерінің чемпионы бол­ған ОАР-дың өкілі Демарте Пенамен айқасты. Осы күнге дейін барлық қарсыласын сыпыра ұтып келген қандасымыз бұл жолы жеңілістің кермек дәмін татты.
  • Грузия астанасы – Тбилисиде семсерлесуден әлем чемпионаты басталды. Жер жаһанның барлық мықтылары бас қосқан жарыс­та еліміздің құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Про­ходов, София Николайчук, Владис­лава Андреева, Виктория Кай­дарова, Каролина Фомина (сем­сер), Артём Саркисян, Назар­бай Саттархан, Бақдәу­лет Құрал­бекұлы, Жанат Нәбиев, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько (қылыш), Ғалым Нұрымов, Темірлан Қалиев, Тимофей Семёнов, София Ақтаева, Алина Ескендірова, Күлжан Түсіпбекова, Алёна Гноева (рапира) сынды спортшылар өнер көрсетеді.