Спорт • 30 Шілде, 2025

Жарыс күнделігі: UFC

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың танымал аралас жекпе-жек­ шебері Асу Алма­баев­ (22-3) Әбу-Да­биде ­ұй­ым­­­­­­дас­­ты­рыл­ған UFC on ABC 9 тур­нирі­нің­­де пе­руалық Хосе Очоа­мен (8–2) күш сынас­ты. Бәсеке ба­сынан ая­ғына дейін қан­да­сы­­мыздың ба­сым­ды­ғы­мен өтті. Төре­ші­лер бір­ауыздан біз­дің жігіт­тің мықтылығын мойын­дады. Жарыстың басты айқасында ни­дер­ландтық Ренье Де Риддер (20–2) Аустралияның арланы Роберт ­Уит­такерді (26–8) ұпай санымен ұтты.

Жарыс күнделігі: UFC
  • Астанада дзюдо федерациясының кезекті конференция­сы өтті. Жиын бары­сында атақты балуан,­ Олимпия ойындары­ның күміс, әлем чем­пио­натының қола жүл­дегері Асхат Жит­кеев ұйымның вице-президенті болып та­ғайындалды. Бас хат­шылық қыз­мет­ке Тимур Болат тағайындалды. Тимур кезінде құрлықтық, халық­ара­лық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілген еліміздің мықты дзю­до­шыларының бірі. Сонымен қатар жиында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.
  • Теннистен Астанада Президент кубогі басталды. ATP Challenger Tour мен ITF World Tennis Tour санатындағы жарыста бірқатар мемлекеттен келген спортшылар бақ сынайды. Олардың қатарында ұйымдастырушылар тарапынан Wild card-қа ие болған Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы бар. Георгий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр, Даниэль Тазабеков іріктеу сынына қатысып жатыр.
  • Футболдан еліміздің премьер-лигасының 18-тур ойындары мынадай нәтижелермен аяқталды: «Қайсар» – «Қызылжар» 1:0, «Тобыл» – «Қайрат» 1:3, «Елімай» – «Жетісу» 3:0, «Жеңіс» – «Оқжетпес» 0:0, «Тұран» – «Ордабасы» 0:4.