Төтенше жағдай • 25 Ақпан, 2026
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Елімізде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізетін «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 25 Ақпан, 2026
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Ақтөбе облысында жаңа өндірістік жоба жүзеге асырылмақ. Осыған орай облыс әкімі Асхат Шахаров Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчельмен кездесу өткізді. Басқосу барысында инвестициялық жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2026
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің онлайн форматта кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісім мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Ақпан, 2026
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Астанада вакцина арқылы алдын алуға болатын ауруларға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. Кездесу «Біз вакцинациялау арқылы болашақ ұрпақты қорғай аламыз» тақырыбында өтіп, 2026-2028 жылдарға арналған қалалық жоспар аясында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 25 Ақпан, 2026
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Қызылорда облысы прокуратурасында облыс прокурорының тұрақты жеке қабылдауы өткізіліп келеді. Осындай кездесулердің бірінде Сабалақ саяжайының тұрғындары елді мекенге табиғи газ тарту мәселесін көтерген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 24 Ақпан, 2026
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Бір жылға созылған пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Toyota Motor Manufacturing Canada (TMMC) RAV4 кроссоверлері шығарылатын зауытта жеті Digit роботын пайдалану жөнінде келісімшарт жасасты. Digit моделін 2015 жылы Орегон университетінің түлектері құрған Agility Robotics компаниясы әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 24 Ақпан, 2026
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Қазақстанда оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына заң жүзінде шектеу қойылған. Бұл норма 2024 жылы «Білім туралы» заңға енгізіліп, 2026 жылдың ақпан айына дейін елдегі барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 24 Ақпан, 2026
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Алдағы он жылда Қазақстанның еңбек нарығы ауқымды кадр тапшылығына тап болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасаған орта мерзімді болжамға сәйкес, 2035 жылға қарай ел экономикасына шамамен 2,9 млн қызметкер қажет болады. Бұл – бір сәттік сұраныс емес, алдағы онжылдықтағы жинақталған қажеттілік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық агенттіктерге, соның ішінде Қорғаныс министрлігіне, белгісіз ұшатын нысандар (НЛО) мен жерден тыс өмірге қатысты үкіметтік құжаттарды анықтап, жариялау процесін бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 24 Ақпан, 2026
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Көктемгі егін егу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін Үкімет диқандарға арнап дизель отынының бағасын нарықтық бағадан 15%-ға төмен етіп бекітті. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.