
Әдебиет • 14 Мамыр, 2024
«Кабуснамада» ақылды екіге бөледі: тума ақыл, кәсіби ақыл. Тума ақыл – Жаратқаннан берілген, ата-баба генінен түзілген ақыл. Ал кәсіби ақыл – кісінің өзі ізденіп оқыған, түйген, түйсінген ақылы. Кейбір адамдар көп кітап кеміріп жатпаса да, тума ақылы арқылы дараланып тұрады. Тума ақылы мен кәсіби ақылы қосылған адам данышпан болады дейді кітап. Мәселен, 26 жастағы Пушкинмен жүздескен Николай патша: «Бүгін мен Ресейдің ең ақылды адамымен кездестім!» деген-тін. Әрине, 26 жастағы ақынның кәсіби ақылы кемеліне келген деу жаңсақ, мұнда тума ақылдың сәулесі меңзелсе керек. Ал 25 жасында-ақ «Жас Вертердің қасіреттерін» жазған Гетенің Құдай берді ақылына ешкім шәк келтіре алмас. Шәкәрім: «Алланың берген ақылы бұл қазақтан бөлек дана кісі еді» деп еске алады хакімді.
Әдебиет • 13 Мамыр, 2024
Алып – мәңгі жасыл ой иесі, ақыл көкжиегі ауқымының кеңдігі, мол қуат, тумыс биіктігі. Кез келген уақытта маңызын жоғалтпас салмақты шығармалар иесі. Шексіз ұстындарға жалғасушы.
Таным • 11 Мамыр, 2024
Сурет – үнсіз хабаршы, сурет – ескіден сыр тасушы. Әр тұстан табылған көне суреттер санамызда жаңа кеңістік ашып, ойымызды байытады. Әсіресе мәдениет пен әдебиеттегі алыптарымыздың бізге жеткен жарқын бейнесі таптырмас құндылық.
Әдебиет • 15 Сәуір, 2024
Шынайы қазақ қаламгерінің жаны бірде «Қосбасарға», бірде «Сарыарқа», бірде «Сарыжайлауға» ұқсас. Бір қызығы, ұлттың қоңыр жаны кескекті ердің сойындай бұрқанып, мұхиттай кемерінен тасыса да қанға сіңген ар қағидатынан, ұят шекарасынан тысқары шықпайды. Жат жұрт мінезінен жұққан дарақылық, даңғой дүмбілездік оған жат.
Таным • 09 Сәуір, 2024
Өмір деген тұңғиықтың түбінде жүрген әр жан лабиринт секілді тарам-тарам тылсым түріне куә болады. Бақсақ, адам өмірінің көп бөлігі ой арқылы, ой жайлауында өтеді.
Көрме • 08 Сәуір, 2024
Жұрт көрмегенді көңілмен оқитын суретшілер қауымы ел рухының шежіресін кескіндеп келеді. Қарт тарихтың түбінен сыр қозғаған сара таланттар әр құнды сәтті болашақ сарайына тасушы көпір іспетті.
Әдебиет • 04 Сәуір, 2024
Сырбаз ақын Сырбайдың сыршыл жыры ерте кездің ақтұма күміс қоңырауындай. Алғашқы бүр ашқан сезімдер аңсарындай, алғашқы іңкәрлік қуатының күшіндей. Болмысы жазира далаға ұқсас шаңқанбоз дарын желді күнгі қайыңдай сыңсып тұрады, толғап тұрады.
Әдебиет • 04 Сәуір, 2024
Өмірге келген дарынды адам ерте күннен-ақ басын тауға да, тасқа да ұрып ізденері хақ. Сол бір тынымсыз ізденіс үстінде Руми болып ұйықтап, Байрон болып оянып, сан түрлі көңіл күйді бастан кешіреді. Сүрінеді, адасады, соңында алдынан бір мұзарттың сұлбасы мұнартады. Ол – ұлттық мұзарт, аласармас ұлттық биік.
Таным • 27 Наурыз, 2024
Әл-Фараби «мінез – жан айнасы» деді. Қазақы ұғымда мінезі жақсы адамды «ішіне кеме жүзетіндей кең», «мінезі төр жайлаудай», «көңілі көлдей шалқыған жан» деп әспеттеп жатады. Шынында, мінез адам тағдырына тікелей әсер етуші күшке ие.
Руханият • 22 Наурыз, 2024
«Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа»
Поляк саяхатшысы А.Янушкевичтің жазбаларында қазақ ерлерінің алып тұлғасы әрі «бірі Цицерон, бірі Демосфен секілді» сөзге ділмарлығы айқын суреттеледі. «Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял, Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?» деп Мағжан жырлағандай, қазақ баласының түр-тұрпаты әуелден-ақ бұлттай биік, таудай маңғаз.