Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
121 материал табылды

Қоғам • 15 Қараша, 2024

Халықтың өмір сүру сапасы мен табыс деңгейі сәйкесе ме?

БҰҰ зерттеуінде тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі кедейлік көрсеткіші айтарлықтай төмендегені көрсетілді. Алайда ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткішімен есептегенде, Қазақстанда еңбек табысының үлесі төмен.

Әлем • 13 Қараша, 2024

Жапонияның Премьер-министрі сайланды

Жапонияның Либерал-де­мократиялық партия­сы­ның (ЛДП) басшысы Сигеру Исиба елдің премьер-ми­нистрі болып қайта сай­ланды. Ол дүйсенбіде өткен Парламенттің тө­менгі палатасында дауыс бе­рудің екінші турының қоры­тындысында жеңіске жетті.

Әлем • 05 Қараша, 2024

АҚШ сайлауының шарықтау шегі

Бүгін АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Америкалықтар президенттен бөлек, Өкілдер палатасының барлық құрамына, Сенат­тың үштен біріне дауыс береді. Сайлауалды жарыста кім көш бастап тұр? Өкілдер палатасы мен Сенатта қай партия үстемдік орнатады? Сайлау нәтижелері қашан жарияланады?

Пікір • 02 Қараша, 2024

«Ғылым таппай­ мақтанба»

Жуырда бес тілді жетік меңгерген, бес дипломы бар қазақ ғалымының Жапония ғылымын дамытуға кеткенін отандық БАҚ жарыса жазды. Өз жерінде мардымды қызмет таппаған соң, шетел асуға мәжбүр болған. Ал шекара асқан «ақыл-ой ағынының» қайта оралатыны күмәнді. Сонда Мемлекет басшысының ғалымдарды қайтару керек деген Үкіметке тапсырмасы не болмақ? Осы орайда дамыған елдердің ғылымы тәжірибелі ғалымдармен емес, тәжірибе жинақтап жатқан қызметкерлермен де мықты дамып жатқанын ескеру керек.

Үкімет • 01 Қараша, 2024

Күн тәртібінде – цифрландыру мәселесі

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда Қазақстан мен Вьетнам арасындағы құқықтық ынтымақтастық туралы заң қаралды. Сондай-ақ депутаттардың цифрландыру мәселелері бойынша сауалдарына сала министрі жауап берді. Отырыста сенаторлар өзге де мәселелерге қатысты депутаттық сауалдарын жолдады.

Әлем • 29 Қазан, 2024

Әлем қақтығыстан көз ашпай тұр

Биылғы Жаһандық бейбітшілік индексі (The Global Peace Index) әлемнен маза қашып, күрделі ахуал шиеленісіп тұрғанын көрсетеді. Ірі қақтығыстардың өршу қаупі бар. Қазіргі кезде жер бетінде 56 қақтығыс болып жатыр. Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен көрсеткіш. Неліктен мұндай келеңсіздік көбейіп кетті? Көшбасшылар диалогке қарағанда кикілжіңге бейім бе?

Сұхбат • 24 Қазан, 2024

Төлеутай Сүлейменов: Дипломатиялық байланыс – мемлекет тарихындағы маңызды іс

Кез келген мемлекетті әлемге танытатын сыртқы саясаты екені белгілі. Ал мұны жүзеге асыратын жауапты тұлға – Сыртқы істер министрі. Еліміз Тәуелсіздік алған соң Мемлекет басшысы бұл жауапты қызметті Төлеутай Сүлейменовке сеніп тапсырған. 1991 жылдың желтоқсанында еліміз тәуелсіздік алды деген хабарды дипломат Ирандағы КСРО елшілігінде кеңесші болып жүргенінде естиді. Төрт күннен соң 20 желтоқсанда туған еліне оралып, тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытуға белсене кіріседі. Мереке қарсаңында белгілі дипломатпен сұхбаттасудың сәті түсті.

Қоғам • 18 Қазан, 2024

Демографиялық саясат және елдік мүдде

Сенат депутаттары демография мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орган құру жөнінде бастама көтеріп жатыр. Бұған Үкімет тарапынан жауап та берілді. Осы орайда аталған мәселені түрлі саланың сарапшы мамандары талқылаған еді. Іс-шарада Сенат депутаты Нұртөре ЖҮСІП, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің келісімшарттық қызметшісі Бәтжан АҚМОЛДИНА, ұлттық сарапшы, демограф Аяулым САҒЫНБАЕВА, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бас сарапшысы, PhD демограф Шынар ТӨЛЕШОВА, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол ҚАЛЫШ, демограф-саясат­танушы Нәйлә МҰХТАРОВА пікір алмасты.

Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024

Дауыс берушілердің 63,87 пайызы референдумға қатысты

Қазақстанда атом электр стансасы құрылысын дауысқа салған жалпы­ұлттық референдум аяқталды. 7 820 918 азамат дауыс берді. Сарапшылардың айтуынша, бұл – жоғары көрсеткіш. Тұрғындар елдегі мәселелерге бейжай қарамай, жауапкершілікпен белсенділік танытты.

Әлем • 04 Қазан, 2024

Конвенция аз этностарға қамқор бола ала ма?

Әр мемлекеттегі азшылық этнос­тар сол елдің заңына бағынатыны сөз­сіз. Десе де, Еуропа кеңесінің Ұлт­тық азшылықтарды қорғау туралы негіздемелік конвенциясы қабыл­данып, құрамына әлемдегі жетекші елдер енді. Бұл конвенцияға қосылып, кейін шығып кеткен мемлекеттер де бар. Ал бұдан соң ондағы этностық халықтың жағдайы қалай болмақ? Жалпы, аталған құжат азшылық этнос­ты қалай қорғайды?