Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
«Deepfake» – дінбұзар технология
Қазір жасанды интеллект көмегімен жасалған фейк ақпарат кеңінен таралады. Әрине, ЖИ оны өзінен өзі жасап шығармайды, нейрожелінің бұл мүмкіндігін алаяқтар ұтымды пайдаланып отыр. Саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, жалпы танымал тұлғалардың «егіздерін» жасап, дауысын келтіріп, атынан жалған ақпарат таратып, қоғам санасына сіңіріп жатыр. Ең сорақысы, бақиға озған адамдардың да бейнесін жасап, желіге таратқан соң, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бірден ресми мәлімдеме жасады.
Үкімет • 16 Қаңтар, 2026
Еліміздің жоғары оқу орындары берген дипломдар алдағы уақытта Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінде танылмақ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында ЮНЕСКО шеңберінде әзірленген жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Токио конвенциясы ратификацияланды.
Құқық • 15 Қаңтар, 2026
Түнгі клубтар тәртіпке бағынбай тұр
Қазір түнгі клубтар мен ойын-сауық орындары қауіпті болып тұр. Бұлай дейтініміз кейінгі айларда орын алған қайғылы оқиғалар осы жерлерде көптеп тіркелді. «102» жедел арнасына түскен дамылсыз қоңыраулардың легі ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты болған.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Сенаторлар өңірде қордаланған бірқатар мәселе әлі де шешімін күтіп тұрғанын айтады. Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдап қайтты. Сондай-ақ депутаттар еліміздің батыс өңірлерін аралап келді.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Венесуэла бұл күйге қалай түсті?
АҚШ Венесуэла аумағында арнайы операция жүргізіп, ел астанасы Каракаста президент пен жұбайын ұстап әкеткені әлемді дүр сілкіндірді. Мұның себебін Америка тарапы «Венесуэла президенті Николас Мадуро наркотерроризмге жол беріп, сайлау нәтижесін бұрмалады» деп түсіндірді. БҰҰ АҚШ-тың бұл әрекетін орынсыз деп айыптады. Осы орайда біз қойнауы мұнай мен газ секілді табиғи байлыққа толы Венесуэла әлемдегі кедей елдердің қатарына қалай қосылғанына тоқталайық. 50 жыл бұрын халқының әлеуметтік жағдайын жақсартқан Венесуэлаға дүние жүзі тәнті болған еді. Алайда қазір тұрғындарының көпшілігі кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жатыр.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2026
Қазақстан – қауіпсіз мемлекеттер қатарында
2025 жылдың Global Terrorism Index (Жаһандық терроризм индексі) есебінде еліміз нөлдік индекс көрсеткішімен 100-орынға ие болды. Қауіпсіздік тұрғысынан біз АҚШ, Канада, Ұлыбритания мен ірі Еуропа елдерден ғана емес, сонымен қатар жақын көршілес Ресей, Қытай, сондай-ақ аймақтағы өзге елдерден де асып түстік.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Ел мүддесіне сай жаңа көші-қон саясаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Үкімет өткен жылдың аяғында еліміздің 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Оның негізінде адам капиталы дамып, мигранттарды сапалы іріктеуге негізделген қауіпсіз әрі басқарылатын көші-қон жүйесі қалыптаспақ.
Басылым • 07 Қаңтар, 2026
Басқа басылымдардан: Қазақстан негізгі транзиттік дәліздерді дамытып жатыр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елдің транзиттік-логистикалық әлеуетінің стратегиялық маңызы мен халықаралық көлік жобаларына қатысуы туралы айтты.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Кешенді реформалардың маңызы түсіндірілді
Өңір халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралаған сенаторлар ауыл-аймақ тұрғындарымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатын талқылады. Мемлекет басшысы атап өткен ел дамуының басым бағыттарын түсіндірді.
Қылмыс • 07 Қаңтар, 2026
«Поштамен сізге зат келіп тұр, SIM карта мерзімі өтіп тұр, емханаға тіркелу қажет, су-жарық жүйесіндегі қарызды төлеу, счетчиктерін ауыстыру қажет», деп қоңырау шалатын алаяқтар күннен-күнге айласын іске асырып жүр. Мұндай жалған қоңырауға алданып қалатын тұрғындар саны да азаймай тұр. Ішкі істер министрлігі 85 млн-нан аса алаяқтық қоңыраудың жолы кесілгенін мәлімдеді.