
Саясат • 05 Наурыз, 2023
Жаңбыршының «Құдашасы» қалай жазылды?
Арманға толы шақты аңсататын, оралмас күндерді көз алдыңа келтіретін құдірет өнерде ғана болса керек. Жаныңның шырақтарын шұғылаға бөлейтін беймәлім тылсым мен көңілге сәуле түсіретін есті ән қай кезде де ұмытылмақ емес. Өйткені шымыр шумақтардан құралған ғажайып туынды жаныңды рахатқа бөлейді.
Қоғам • 02 Наурыз, 2023
Жалақының төмендігін айтып, мәселе көтергендер қатары соңғы уақытта Жамбыл өңірінде жиі байқалады.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2023
Жерге қатысты жауапсыздық тыйылмай тұр
Әулиеата өңірінде жер қатынастарына қатысты былықтың беті ашылып жатыр. Қолында билігі барда белден басқандардың әрекеті әшкере болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ахметқалиев хабарлады.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2023
Аграрлы өңір саналатын Жамбыл облысында егіс алқабы жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың гектар жерге орналастырылса, биыл 770,7 мың гектарға жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өнер • 01 Наурыз, 2023
Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жылдық мерейтойына орай Тараздағы «Баласағұн» орталық концерт залында ретро концерт ұйымдастырылды.
Балалар • 28 Ақпан, 2023
Өңірде халық ең тығыз орналасқан Қордай ауданында әр ұлттың өкілдері татулық туын көтеріп, беймарал ғұмыр кешіп жатыр. Жалпы, аудан халқының саны 158 мыңнан асып жығылса, оның 32,50 пайызы дүнген ұлтының өкілі. Жергілікті жұртшылықпен тонның ішкі бауындай араласып кеткен дүнгендердің қиын-қыстау кезеңде көкіректен итермей, бауырына басқан қазақтарға деген алғысы шексіз.
Ғалым • 28 Ақпан, 2023
Кез келген экологиялық мәселе дер кезінде шешімін таппаса, ертең-ақ халықты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тығырыққа тірейтіні даусыз. Оған жер-жаһанда да, өз елімізде де мысалдар жетерлік. Мәселен, қалдық су проблемасы оңтүстік өңір тұрғындарын ұдайы толғандырады. Оны жамбылдық әлеумет те талай рет көтерген болатын. Аталған мәселені ғылыми тұрғыдан шешуге қадам жасалғанын естіп қуандық. Жамбылдық ғалымның жаһандық жобасынан біршама ел үміт күтіп отыр.
Еңбек • 27 Ақпан, 2023
Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылындағы «Қызыл дихан» өндірістік кооперативінің құрылғанына ширек ғасырдың жүзі болды. Жемісті еңбек етіп келе жатқан кооперативтің жұмысын жақсы бағалайтындар аз емес. Нуритдин Бегманов басқаратын ұжымда ауыл шаруашылығына қажетті техникалар жеткілікті. Сондай-ақ басшылық қызметкерлердің жағдайын жақсартуға да басымдық беріп отыр.
Тұлға • 23 Ақпан, 2023
Президент келген кезде кім керек? Қазым Аманқосов. Әулиетада үлкен іс-шара ұйымдастырылса ше? Тағы да Қазым. Әйтеуір қажет кезде Қазымды көрсетуге құмар біздің билік оның «ортекені» билетуге алты жыл уақытын сарп еткенін естен шығарып ала береді. Аз-кем атағы бар демесек, үлкен бір атақтарға да ұсынбайды. Осылайша белгілі суретші, ағаштан түйін түйген қолөнер шебері қалтарыста қалып жүр.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2023
Жұмыспен қамту: Сөз бен істе үйлесім бар ма?
Жамбыл облысын көпшілік бұрыннан дотациялық өңір деп атап жүр. Жергілікті жұртшылықтың табысы да ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде емес дегенді жиі еститінбіз.