
Қоғам • 27 Наурыз, 2023
Фототілшінің үйін заңдастырып берді
2017 жылғы жаңа жыл мерекесін әріптесіміз, облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай айрықша қуанышпен қарсы алды. Сол жылдары өңірді басқарған Кәрім Көкірекбаев салтанатты іс-шарада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек атқарып келе жатқан әріптесімізге қаланың қақ ортасынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2023
Құтқарушы ұстаздар марапатталды
Бірнеше күн бұрын Тараз қаласындағы №22 мектептің мұғалімдері мен полиция инспекторы Әлішер Ермеков табиғи газдан уланған бүтін бір отбасыны құтқарып қалған болатын. Осыған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бес адамнан құралған отбасыны құтқарған №22 мектептің мұғалімдерін қабылдап, құрмет көретті.
Руханият • 26 Наурыз, 2023
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Тараздағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ұмыт болған оюлар» атты құрақшылар фестивалі ұйымдастырылды.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2023
Әділетті Қазақстанға нық қадам
Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанына жамбылдықтар да белсенді қатысты. Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі 499 сайлау учаскесі бойынша тіркелген 717 090 сайлаушының жартысынан астамы түс әлетіне дейін таңдауын жасап үлгерді. Ал сағат 16:00 шамасында дауыс бергендердің үлесі 64 пайыздан асып жығылды.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Белгілі көкпаршы өз таңдауын жасады
Ұлттық спорттың төресі көкпарды Әулиета өңірінде өркендетуге сүбелі үлес қосқан белгілі көкпаршы, әйгілі шабандоз Нұрдәулет Момынов саяси науқанда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Жамбыл облысының әкімі дауыс берді
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 13 Наурыз, 2023
Жыртықты жамауға жетпейтін жалақы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолының тазалығына жауапты жұмысшылардың жүйкесіне ши жүгіртті. Күл-қоқыстан бөлек, өлген ит пен құсқа дейін тазалайтын қарапайым азаматтар жауапты серіктестік басшылары жалақымызды көтеруге келгенде жауапсыздық танытып отыр деп бас көтерді.
Әдебиет • 12 Наурыз, 2023
Музыка мәтініндегі драма ойыңды онға бөлетіні, жан әлеміңді тас-талқан ететіні рас. Бұл әнде пафос та, лирика да жоқ. Есесіне ұлттың трагедиясынан аза бойың қаза болғандай күй кешесің. Бір ғасырдың қасіреті көз алдыңнан кино сюжеті секілді өтіп жатады. Талғамсыздық салтанат құрған ғасырда «Қара кемпір» секілді шығармаларды бір мезгіл тыңдап тұрғанның артықтығы жоқ.
Денсаулық • 09 Наурыз, 2023
Нәрестеге жасалған шұғыл операция
Тараздық нейрохирургтер үш айлық нәрестеге жедел операция жасады. Науқастың жағдайымен жіті танысқан соң ақ желеңді абзал жандар уақытты сағызша созбай, нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін жұдырықтай жұмылып, шұғыл шешім қабылдады.
Айтыс • 06 Наурыз, 2023
Республикалық айтысқа жолдама алды
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізетін орталықтың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жыр алыбы – Жамбылым» атты оқушылар айтысы өткізілді.