Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
206 материал табылды

Дәстүр • 20 Наурыз, 2023

Күй күмбірлеген күн

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, қаршадайынан қолына қара домбыра ұстап, ұлттық өнерге ден қойған ұрпақтарға сүйінбей тұра алмайсыз. Еліміздің жеті мың білім беру ұйымында бір мезгілде «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» күйлері орындалды.

Қоғам • 07 Наурыз, 2023

Әлемдік рейтингтің сарапшысы

Қазақ ғылымына өз үлесімізді қоссақ деп талпынып жүрген жастар аз емес. Шыны керек олардың білімін тереңдетіп, тәжірибесін жетілдіруге «Болашақ» бағдарламасының маңызы зор. Бағдарлама аясында қазақтың білім қуған ұл-қыздары әлемнің әр қиырындағы маңдайалды оқу орындарына түсіп, тәжірибе алмасып, қанаттарын қатайтты. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі ғылым саласына үлес қосып жүрген жастар баршылық. Соның бірі – Арай Ильясова-Шенфельд. Ол «Болашақ» стипендиясының екі мәрте иегері. Кейіпкеріміз 2010 жылы Ұлыбританияның ең ірі және үздік оқу орны Ноттингем университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магис­тратураны үздік дипломмен бітіріп, кейін 2017 жылы докторлық диссертация­сын сәтті қорғады.

Жастар • 07 Наурыз, 2023

Ұлт руханиятының жанашыры

Қазақтың дүниенің әр қиырында жүрген ұл-қыздары қашанда өнерімен, адал еңбегімен жұрт көзіне түсіп жатады. Олардың жүрегінде бір мақсат бар десек, ол – ұлт үшін еңбек ету болса керек. Бүгінгі кейіпкеріміз миллиард халықтың ішінде жүрсе де, ұлтының ертеңгі болашағы үшін жұмыс істеуді өзіне парыз санаған қаракөздеріміздің бірі – Минар Нұрләззатқызы.

Әлем • 22 Ақпан, 2023

Лондондағы қазақ тілі курсы

Өркениеттің ошағы саналатын көне де тарихи қала Лондонда тұратын ағылшындар қазақша үйреніп жатқанын естіп, қатты қуанған жайымыз бар. Сөйтсек, алпауыт қаланың ақ жарқын тұрғындарының ана тілімізге деген махаббатын әнші Димаш Құдайберген оятқан екен.

Қоғам • 22 Ақпан, 2023

Цифрлық жобалар игілігі

Әділет министрлігі азаматтарға қолайлы болуы үшін әзірленген және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған Digital Justice (цифрлық әділет) жобаларын таныстырды. Ол «Е-заң көмегі», «Аттестаттау реинжинирингі», «МИБ-ті цифрландыру», смартфондардан мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі секілді 7 жобадан тұрады.

Таным • 09 Ақпан, 2023

Эйнштейннің миы қайда?

1955 жылы ғалым Альберт Эйнштейн қайтыс болғаннан кейін оның миы алынып, 240 бөлікке бөл­шек­теліп, бүкіл әлем ғалымдарына бір-бір­ден таратылды. Сол Эйнштейннің миы қазір қайда?

Жәдігер • 09 Ақпан, 2023

Мұқағалидың қамшысы

Тағы бір жыл аунап түсіп, Мұқағали ақынның туған күні екенін еске алып отырмыз. Көзі тірісінде-ақ «Естеліктер жазылар мен туралы» деп кеткен ақиық ақынның шығармашылығы, адами болмысы, таланты туралы қаншама еңбек жазылды. Қазіргі күні қазақ поэзиясын Мұқағали Мақатаевсыз елестете алмаймыз. Жылдар өткен сайын ақынның тұтынған заттары жәдігер болып табылып жатыр. Соның бірі – ақынның өзі ұстаған қамшы.

Сұхбат • 07 Ақпан, 2023

Аида Егембердиева: Жазушы рухани көшбасшы болуы керек

Кейде өз пікіріңе өзің разы болып, тіпті соған алданып жүретін кездер де болады. Осындайда өзгенің көзқарасын білгің келіп, айналаңнан әлдекімді іздейсің, сырласып, сұхбаттасқың келеді. Осы орайда қырғыз ақыны, филология ғылымдарының докторы Аида Егембердиевамен аз-кем әңгімелестік.

Ғылым • 06 Ақпан, 2023

Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы

АҚШ-тағы Гарвард университетінің Географиялық талдау жасау орталығының (Harvard Center for Geographic Analysis) зерттеуші-ғалымы, доктор Нұрлан Кенжеахметтің осы жылдың наурыз айы­нан бастап аталған орталықта «VI-ХХ ғасырлардағы Орталық Еуразияның топонимикалық Географиялық ақпараттық жүйесі (Toponymic GIS of Central Eurasia from the Sixth to Twentieth Centuries)» атты жобаны қолға алғалы жатқанын естідік.

Өнер • 31 Қаңтар, 2023

Бір суреті – бір әлем

Шыны керек, қазақ сурет өнерінде төңкеріс жасаған бір адам болса, ол – Ағым­салы Дүзелханов. Оның қа­зақы қиялынан туған таң­дамалы туындылары белгілі бір уақыт пен кеңіс­тіктің шеңберіне сыймайды. Сол үшін де оның қыл-қа­ламынан туған суреттер осы өнердің үрдісінен шығып, сын мен сараптың без­бенінен аман өтіп, өз жо­лына түскен жәдігер іспетті.