Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
139 материал табылды

Сұхбат • 28 Қараша, 2025

Өзгежан Кесиджи-Аюби: Алаш қозғалысы Батыста да зерттеліп жатыр

Еуропаның төрінде өмірге келсе де, ата-анасы баяндаған ұлтының аңыз-әңгімелерін, ертегілерін естіп өскен ұрпақ бәрібір қай жағынан болсын қазаққа бүйрегі бұрып тұрады екен. Әдетте бұны біз тектілік деп бағалаймыз. Әне, сондай тегіне тартқан жастың бірі – Өзгежан Кесиджи-Аюби. Ол әуелде өлең жазып көзге түскен ақын еді. Кейін жоғары оқу орынына түскен соң, Алаш қозғалысын зерттеп, Ирландияда докторлық қорғады. Жуықта Өзгежанмен уақыт тауып, шағын сұхбат құрдық.

Руханият • 28 Қараша, 2025

Кенеттен туған кереметтер

Жазушы ең сүйікті шығармасын алдымен санасына (ой қағазына десек те болады) жазады. Содан кейін әбден жетіліп, кәдімгі қағаз бетіне түседі. Бұл шынайы шығармашылықта қалыптасқан әдістің бірі. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолын» жазу мақсатында сан жылдар бойы материал жинап, ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, аңыз-әңгімелерді санасында тербетіп, соңында ұлы шығарманы өмірге әкелді.

Білім • 26 Қараша, 2025

Шымкенттен – Стэнфордқа

Әлемге әйгілі Стэнфорд университетіне оқуға түсу – дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жастың арманы. Сол арманға жетіп қана қоймай, оқу орнынан ғылыми жұмыстарына қаржылай қолдау алу – үлкен жетістік.

Білім • 25 Қараша, 2025

Ғылыми тағылымдамаға жаңаша көзқарас керек

Бүгінде халықаралық «Болашақ» бағдарламасы еліміздің білім брендіне айналып үлгерді. Білім мен ғылымы дамыған елдің бәсі биікте болатынын озық елдердің тәжірибесі көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына жоғары баға беріп: «Бұл – Қазақстанның әр түкпіріндегі дарынды жастарға жол ашқан теңдессіз бағдарламаның мерейлі белесі. Осы бірегей жоба мемлекетімізде озық ойлы әрі білікті кадрлар резервін қалыптастыруға зор септігін тигізді. «Болашақ» бағдарламасының мыңдаған түлегі бүгінде түрлі саладағы оң өзгерістің жаршысы болып, еліміздің игілігі үшін табысты еңбек етіп жүр» деген еді. 

Руханият • 21 Қараша, 2025

Қадыр ақынның қарындашы

Қадыр ақынның жары Салтанат апайдан көлемді сұхбат алып болған соң, қайтуға сыртқа беттеп бара жаттым. Кенет, «сен де бірдеңе жазатын баласың ғой, ә?» деген жылы дауыс естілді. Жымиып «иә» деп жауап бердім. «Онда бері келші, ағаңның жазу кабинетіне кел», деді де ішке қарай қайта шақырды.

Мәдениет • 18 Қараша, 2025

Мың үміттің бастауы

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен іс-шарадан шыққан соң, құлағымда Құрман­ға­зының «Адай» күйінің сары­ны саңқылдап тұрды. Әлгінде ғана өзге ұлт балалары аталған күйді орындағанда саусақтарына, сосын домбыраның пернесіне үнсіз назар салып отырғаным рас. Бұрынғыдан басқаша, тіпті әуезді шерткенін де отырған жұрт байқады. Бұндай өнер көрсету үшін өнерпазда таза жүрек болуға тиіс.

Ғылым • 14 Қараша, 2025

Жаңалығын қарт құрлық бағалаған ғалымдар

Тәуелсіз елдің талантты ұл-қыздары бүгінде әлемнің әр қиырында білім алып, біліктілігін арттырып, қоғамға өз үлестерін қосудан жалыққан жоқ. Жақында Лондонда тұратын Сапар Жеңісұлымен жақын танысудың орайы келді. Әр сөзін салмақпен айтатын Сапар мырзаның сол кездесудегі айтқаны осы мақалаға жүк болды.

Сұхбат • 13 Қараша, 2025

«Америкалық оқушылар қазақ тіліне қызығады»

Бүгінде қазақ жастары әлемнің әр қиырына сапар шегіп, өз білімдері арқылы зор мүмкіндікке қол жеткізіп жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды. Солардың бірі – Америкада мұғалім болып жұмыс істейтін Салтанат Сырлыбаева. Біз бүгін оқырманға талапты жас педагогтен алған шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.

Мирас • 12 Қараша, 2025

Тамыры терең түркі мәдениеті

Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырған іс-шарада алғаш рет түркі өркениетінің тереңдігі мен ұлылығын бейнелейтін бірегей жобалардың тұсаукесері өтті.

Таным • 12 Қараша, 2025

Есет Көтібарұлы – Батыс зерттеуінде

Орталық Азияны зерттеуші ғалым, британ қаламгері Деметриус Чарльз Де Кавана Боулгердің (1853–1928) «Орталық Азия портреттері» атты 1880 жылы Лондонда жарық көрген зерттеу кітабында Досмұқамед ханнан Якоб ханға дейінгі аралықтағы Орталық Азия тұлғаларының өмірі мен деректері, олардың ұлт азаттық күресі жолындағы еңбектері нақты дәлелдермен жазылғанын аңдадық. Осы еңбекте автор қазақ батыры Есет Көтібарұлына бір тарау арнайды.

Яндекс.Метрика