Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
158 материал табылды

Экономика • 12 Ақпан, 2026

Жаңару бастамасы және өнеркәсіп мүддесі

Елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа елдің саяси жүйесін жаңартумен қатар, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына да тікелей ықпал ететін маңызды кезең ретінде бағаланып отыр. Бұл мәселе «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы президиумы жанындағы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысында кеңінен талқыланды.

Қоғам • 12 Ақпан, 2026

Спортқа серпін беретін бағдарлама

Спортты дамыту енді медаль саны немесе ин­фрақұрылыммен өл­шен­бейді. Қазіргі спорт – басқару мәдениеті, көшбасшылық және ұлт­тық деңгейдегі күр­делі экожүйені тиімді ұйымдастыру қабіле­тін де қамтиды. Дәл осы сұранысқа жа­уап ретінде Қазақ ұлт­­тық спорт уни­вер­ситеті мен Фран­циядағы klore-ED School of Management бірлесіп әзірлеген қос дипломды «Executive MBA in Sport Manage­ment» бағ­дарламасы іске қосылды.

Әдебиет • 07 Ақпан, 2026

Ақиық ақынды шетел оқырманы қалай бағалайды?

Қазақ поэзиясының биік шыңы саналатын Мұқағали Мақатаев – ұлттық рухты, адам жанының терең иірімдерін оқшау жырларымен сөйлеткен сирек дарын. Елімізде оның есімі халықтық деңгейге көтеріліп, өлеңдері жатқа айтылып келеді. Ал біздің санамызда «шетел оқырманы Мұқағалиды біле ме?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сауалға біржақты «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қиын. Дегенмен кейінгі жылдары ақын мұрасы әлемге едәуір тарала бастағанын байқаймыз.

Білім • 06 Ақпан, 2026

Білім миграциясы: Күнгейі мен көлеңкесі

Кейінгі жылдары жастардың шетелде білім алуға деген ұмтылысы арта түсті. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Корея, Түркия, Қытай университеттері отандық талапкерлердің басты бағытына айналды. Бұл құбылыс қоғамда «білім миграциясы» деген ұғымды өмірге әкелді. Жат жұрттан білім іздеген көштің нақты мақсаты қандай? Олар кері оралып, елдің дамуы мен өсуіне еңбек ете ме? Басты сұрақ – осы.

Қоғам • 04 Ақпан, 2026

Әдебиеттің айбоздары анықталды

Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби байқауы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Жүлдегерлер арасында газетіміздің бүгінгі тілшісі, жазушы Қанат Әбілқайыр мен бұрынғы тілшісі, ақын Хамит Есаман да бар. Әріптесіміздің бағы ұлттық сыйлықтың «үздік балалар әдебиеті» аталымы бо­йынша жанып отыр.

Digital • 04 Ақпан, 2026

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Қазіргі жаһандану дәуірінде білім – ең басты капитал. Алайда әлемнің үздік университеттерінде оқу бәріне бірдей қолжетімді емес. Құжаттық рәсімдердің күрделілігі, қымбат аударма қызметі мен кеңесшілер көптеген дарынды жастар үшін кедергіге айналып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен жаңа технологиялық – «yoonee.ai» платформасы Орталық Азия жастары үшін жаһандық білім кеңістігіне жол ашуды көздейді.

Басылым • 31 Қаңтар, 2026

Ұлттың рухани темірқазығы

Баспасөз – ақпарат тарату құралы ғана емес, ұлттың тарихи жады мен рухани тұтастығын сақ­тайтын маңызды инсти­тут. Бұлай дейтініміз, шетелде өмір сүріп жатқан қа­зақтар өздері тұрған елде газет-журнал шығарып, ұлттық бол­мысты сақтауға ұм­ты­лыс жасады. ХХ ғасыр­дың түр­лі саяси, әлеумет­тік сіл­кіністері салдарынан әлем­нің әр түкпіріне та­ра­ған қазақ диаспорасына баспасөз ана тілі мен ұлттық тамырды сақтау­дың бас­ты тетігіне айналды.

Digital • 30 Қаңтар, 2026

Стартап олжасы – 80 миллион доллар

Инженер Ерзат Дулат негізін қала­ған «Higgsfield» жасанды интеллект стар­табы инвесторлардан 80 миллион дол­лар көлемінде инвес­тиция тартты. Осы­лайша, компа­ния­­ның бағалануы 1,3 миллиард дол­лар­дан асып, ресми түр­де «юникорн» санатына енді. Бейне контент өндіру саласына жаңа серпін әкелген жобаның соңғы инвестициялық айналымына «Accel», «GFT Ventures», «Menlo Ventures» секілді жетекші венчурлық қорлар қатысты.

Көрме • 29 Қаңтар, 2026

«Аттила» есік ашты

Будапешттегі Мажар Ұлттық музе­йінде Мажар мәдениеті күні аясында ұйым­дастырылған «Аттила» атты халықаралық көрменің қонағы ретінде елімізден Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, Әлкей Мар­ғұлан атындағы Археология институтының директоры Ахан Оңғарұлы, сондай-ақ осы мекеменің жетекші ғалымдары қатысты.

Білім • 20 Қаңтар, 2026

Халықаралық деңгейдегі жетістік

Кейінгі жылдары еліміздің жас ғалымдары әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми дәрежелер алып, отандық ғылымның абыройын арттырып келеді. Солардың бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде докторлық оқуын сәтті аяқтаған Бауыржан Қазиев. Ол жуырда Ұлыбританияда PhD Viva қорғауынан сүрінбей өтіп, білім саласы бойынша философия докторы (PhD in Education) ғылыми дәрежесін алды. Бұл – жеке жетістік қана емес, еліміздің білім саласының халықаралық деңгейде мойындалуы болмақ.

Яндекс.Метрика