
Әдебиет • 14 Ақпан, 2022
«Жалғыздық — үйіңде телефон тұрып, сағаттың шырылдауы». Актриса Фаина Раневскаяның осы бір сөзінде жылдар бойы, тіпті ғасырлар бойы біз сарсаң болып іздеп жүрген өмір сүрудің мағынасы жатқандай сезіледі. Мына ғаламда жалғыздық феномені хақында ойланбаған ақыл иесі кемде-кем шығар. Меніңше, ол туралы ойланудың өзі Жалғыздыққа бастайтын жол сияқты. Жапан далада көктегі бұлтпен жарысып, ауық-ауық әлдебір әуенге басып, бір сапарға кетіп бара жатқан жалғыз атты жолаушыны көрген боларсыз, міне, оның аты – Жалғыздық. Алыста, мәлім бір қалада теңіздей терең ойын тар бөлмеге, ақ параққа сыйғыза алмай арпалысып отыратын ақынды білерсіз, ендеше, оның да аты – Жалғыздық.
Қоғам • 10 Ақпан, 2022
Осы жұрт әлсін-әлсін мойнын бұрып елеңдеп, әр жаңалығына тамсана қарайтын Американың ең алғашқы тәуелсіз газеті New England Courant басылымын 1721 жылы Бенджамин Франклиннің ағасы басып шығарыпты. Сол кезде әрбір саналы жұрт «Ұлттың алғашқы күнделікті газеті» шыға бастады» деп жар салыпты. Ал содан кейін 1784 жылғы 21 қыркүйекте өз оқырманымен жүздескен тағы бір басылым Pennsylvania Packet and Daily Advertiser деп аталатын апталық газеттің алғашқы оқырманы да кілең зиялылар болғанында шүбә жоқ.
Әдебиет • 08 Ақпан, 2022
Балаларына кітаптан енші берген...
Адамның да, қоғамның да бақытсыздығы – кітап оқымаудан.Үш жыл бұрын ақын Байбота Қошым-Ноғай ағамен көрші болдым. Бір күні үйіне барып, кітапханасын көрдім,таңғалдым, үйі толған кітап, балконы да кітапқа лықсып тұр.
Әдебиет • 07 Ақпан, 2022
Ауғанстанда туып, Америкада есейген жазушы Халлед Хоссейниді әлем оқырмандары өте жақсы біледі. Ол әр шығармасына өзінің туған елінің, анығын айтқанда, Ауғанстанның тарихын, халқының мұң-зарын, қасіретін, үмітін арқау етіп, өлмес романдарды әдебиет тарихына алып келді. Сол үшін де оның шығармашылығына тәнті болған әдебиеттанушылар «Халлед Хоссейни шығармашылығы – ауған қасіретінің қағазға түскен нұсқасы, оның қаламы – бір ұлттың көз жасымен суарылған», деп жоғары баға берген болатын.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2022
Балалар институты – келешек кепілі
Хакім Абайдың өзі «Адамның бір қызығы бала деген» деп анықтап айтып кеткен жас өркеннің тағдыры, болашағы, тәлім-тәрбиесі мен күнделікті тұрмысы мейлі қай мемлекет, қай ұлт болсын бас қатыруға тиісті мәселенің бірі.
Таным • 27 Қаңтар, 2022
Кітапхана. Осы бір сөзге қаншама тарих, уақыт, ұлылық пен өркениет сыйып тұр. Аристотель мен әл-Фарабидің әлем ұстазы атануына, Шекспирден бастап Абайға дейінгі данышпандардың ұлы тұлғаға айналуына мектеп болған да осы кітапхана еді.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022
«Оның қолы өте шебер еді. Ал өзіне құп жарасатын шашы қалың әрі қап-қара болатын. Алаулаған жүзінен оның тым мейірімді, ақ көңіл жан екені сезіліп тұрады. Дауысы актрисалардың үніндей тамылжып шығатын».
Әдебиет • 31 Желтоқсан, 2021
Биыл ақын-жазушылар не жазып жатыр?
Жылдың ауысатын шағы кімді болса да ойландырмай қоймас. Зымырап бара жатқан уақытқа ілесу қолына қалам ұстаған шығармашыл қауымның ізгі арманы. Әр жылды сәтті аяқтап, келесі бір жаңа уақыттың кемесіне мінгенде етек-жеңімізді жинап, жүйелі жоспар жасауға құлшынамыз. Табыстың бір аты – бекем жоспар. Шабыттың шалқұйрығын қамшылаған ақын-жазушыларымыздың осы жылы оқырманға қандай тың туындылар ұсынатынын білу үшін өздерінен сұрап көрдік.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2021
Шымкент қаласында тұратын әдебиетші жастар өздері бірлесіп, ұлттық поэзияны насихаттайтын Şam атты шығармашылық орталық құрған еді. Аталған орталық 2016 жылдың 19 қарашасында Шымкент қаласында өз жұмысын бастаған.
Әдебиет • 28 Қараша, 2021
Қыс күндері жауған қалың қарды көрсем, ақын Ұлықбек Есдәулетовтің «Қара пимасы» есіме түседі, жай түспейді, күллі оқиғасымен көз алдыма келіп тізіле қалады. Анадайда «Пимамды менің қайтар» деп жылап тұрған қара бала елестейді. Мүмкін, бұл өміршең шығарманың мәңгілік қуаты шығар?! Мен осы «Қара пима» термесін алғаш рет тыңдағанда, аппақ күртік қарда етпеттеп жылап жатқан баланы жалғыздық деп пайымдадым. Әрине, сол да. Анасы қайтыс болды, әкесі теріс айналды, жанына жылу беретін қара пимасы араққа сатылды, енді ол жалғыздық емей немене?