Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Дауыс беруге жастар көп келіп жатыр

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы халықтық референдумға дауыс беруге келген ел азаматтары аз емес, деп жазады Egemen.kz.

Дауыс беруге жастар көп келіп жатыр

Жалпы халықтық референдумға дауыс беруге келген ел азаматтары аз емес. Тіпті олардың ішінде жастар мен орта жастағылардың саны басым екенін айта кеткен жөн.
Астана тұрғыны Айнұр Оспанова өзі тіркелген 341 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасаған соң бізге шағын сұхбат берді. Ол: «Біз әрине осы референдумнан көптеген өзгерістерді күтеміз, Жаңа Қазақстан құру идеясына сенемін,Президенттің бұл бастамасын қолдаймын,қазір болып жатқан,алда болатын өзгерістерге үміт артамыз. Бұл алғашқы қадам болса да,оны қолдауымыз керек»,деген көзқарасымен бөлісті.
Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел 28/1 мекенжайына орналасқан 341 дауыс беру учаскесінде дауыс беруге неше адам тіркелгенін,дауыс беру басталғалы бері неше азамат дауыс бергенін біле алмадық. Себебі,аталған дауыс беру учаскесінің ұйымдастырушысы Құралай Серікқызы ақпарат беруге міндетті емеспіз деп мән-жайды айтудан бас тартты.