Тарих • 31 Мамыр, 2022

Конгресс кітапханасында сақталған суреттер

709 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тарихымыз сан түрлі кезеңдерді бастан өткерді. Кешегі күннің бейнесін, қоғамның кейпін сол уақыттан қалған естеліктер мен жазба мұралардан біле аламыз. Біздің даламызға сан мың саяхатшы келіп, түгін тартса майы шығып жататын ұлы даланың кереметтеріне қызығушылықпен қараған. Сол қызығушылық олардың біріне кітап жаздырса, біріне фотосурет түсіргізіпті. Бәрі де біз үшін құнды болмақ. Тарихын білгісі келетін оқырмандарға АҚШ Конгресінің кітапханасындағы қолжазбалар бөлімінде сақталған қазаққа қатысты бірнеше суретті ұсынғанды жөн көрдік.

Конгресс кітапханасында сақталған суреттер

Сазгер

Бұл суретті кітапхана­шылар Kazakh man, a musician with a dombra, seated (Қазақ жігіті, домбыра ұстап отырған сазгер) деген атпен сақтапты. Ар­хив ескертпесінде бұл сурет 1870-1886 жылдар аралығында түсі­рілген, фото авторы Ермо­лин,  қолжазбалар бөліміне Джордж Кеннан құжаттарының бір бөлігі ретінде сақталған деген түсініктеме жазылған. 

Қазақ ауылы

Ал «Омбыға таяу жердегі Қырғыз (Қазақ) ауылы» деп архивке түскен фотодан қазақ ауы­лын, арба мен белдеуге байлаулы тұрған атты көреміз. Түсініктемеде Сәуле Сатаеваның қорынан алынды делінген. Уақыты 1885-1886 жылдар екен. Бұл да қолжазбалар бөліміндегі Джордж Кеннан құжаттарының бір бөлігі ретінде сақталыпты.

п

Болыс

Аталған суреттің тақырыбы «Қырғыз рубасы жергілікті орыс ұлығы және оның әйелімен бірге» деп көрсетілген. Ал фотодан Сол­түстік Қазақстандағы бір топ қа­зақ­тың  бірге суретке түскенін көре аламыз. Қолжазбалар бөлі­мін­­дегі Джордж Кеннан құ­­жат­тарының бір бөлігіндегі қа­зақ­қа қатысты тағы бір сурет осы.

п

Шолақ

Ал «Қазақ Шолақ» деген атпен сақ­талған мына фотосурет қазақта Ба­луан шолақтан басқа тағы бір шолақ есімді тұлғалы адам болғанын айғақтайды.  

Әйгілі кітапхананың қолжаз­балар бөлімінен «Ұтқұл бай», «Ұзан бай», «Арсылан бай» деген тақырыптармен сақталған фотолар кездеседі.  Арсы­лан байдың түсірілген жылы 1865-1872 жылдар аралығында деген сілтеме қоса берілген. «Жариялауға еш шектеу жоқ» деген ескертпе де осы фотоның астында тұр.  

а