Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
963 материал табылды

Руханият • 03 Қыркүйек, 2019

Адамтану ілімі

Әрбір халықтың табиғи жаратылы­сында өзін басқалардан ерекшелеп тұра­тын кемел қасиеті болады. Айталық, ағар­тушы Ыбырай Алтынсарин 1879 жы­лы Орынборда жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегінде, қазақ жара­тылысы өте таза халық, оның сана-сезімі мен сұңғылалығы біреу салып берген тар шеңберге сыймайды десе, ХІХ ғасырда өмір сүрген поляк зерт­теушісі А.Янушкеевич күнделігінде, «қа­зақ­тардың ақыл-ой қабілеті мен сұңғы­ла­лы­ғына ерік­сіз таңырқай, таңданбасқа амал жоқ» деп халқымыздың басқалардан артық кемел қасиеті жайлы тамсана жазады.

Қоғам • 30 Тамыз, 2019

Мазасыздық синдромы

Соңғы жылдары спортшылардың арасында бёрнаут (вurnout)синдромымен ауыратындар жиі кездесетіні байқалып отыр. Бұл дертті қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, қобалжу-қорқу немесе күйзеліс деп айтуға болады.

Президент • 26 Тамыз, 2019

Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына сапары Жезқазған қала­сында жалғасты. Мемлекет басшысы алдымен қаладағы іргелі өндіріс ошағы «Kazakhmys Smelting» мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты. Ал келесі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау ауданы жерінде Мәденит және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы АҚ, Қарағанды облысы әкімдігі ұйымдастырып отырған «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумға қатысып, аталған шара аясында биыл екінші рет өткізіліп отырған халықаралық «Jezkiik» музыка фестивалінің ашылу салтанатын тамашалады.

Спорт • 20 Тамыз, 2019

Сато Иуяа – қазақ күресінің үздігі

Қазіргі таңда қазақ күресінің қадамы жақсы. Халықаралық аренада танылып жатыр. Соның бірі өткен сенбі, жексенбі күндері Моңғолия астанасы Ұлан-батыр қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті.

Тарих • 16 Тамыз, 2019

Тұрардың Қытайға құпия сапары

ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының халқы үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Олардың ерен істерін әлі толық зерттеп-зерделеп үлгермей жатырмыз. Сондай тұлғаның бірі – Тұрар Рысқұлов. Бұл адамның қайраткерлік қабілеті Кеңес Одағы деңгейінен асып, Коминтерн өкілі ретінде әлемдік масштабтағы саяси істерге араласуына ықпал етті. Соның бір парасы – Азия құрлығындағы көшпенді жұрт Моңғолияның конституциясын жасап, елдің саяси-экономикалық дамуын социалистік бағытқа бұрып беруі. Істі тиянақтау үшін қайраткер аталмыш мемлекетке 1924 жылдың қазан айында барып, 1925 жылдың шілдесіне дейін 9 ай қызмет етті. Т.Рысқұловтың Моңғолияда атқарған еңбегі жайлы «Егемен Қазақстан» газетінің жылашар санында «Тұрардың Күредегі күндері» атты көлемді мақала жарияланған еді. Осы жазбада қайраткердің ол жақта атқарған жұмысы жайлы баяндалған болатын. Дейтұрғанмен Т.Рысқұлов осы сапарында көшпенді елдің саяси бағытын дұрыстап қана қоймай, іргедегі Қытай Республикасына құпия барып келгені жайлы көп айтылмай жүр. Біз осы тақырыпты қаузап көрмекпіз.

Қоғам • 14 Тамыз, 2019

Жалған тарих жарға жығады

Үнді халқының қайраткері Жавахар­лал Неру «отарланған елдің тарихын отар­лаушы жазады» дегені сияқты ке­зінде қазақтың үлкен ақыны Ғафу Қайыр­беков жорта аңқаусып: «Осы орыстың хан­дарының бәрі ақылды да, қазақтың хандары неге ақымақ» деп қиналатын көрінеді.

Руханият • 12 Тамыз, 2019

Алтын жүзік оқиғасы

Сонау бір жаусоқты заманда туған топырағынан босқан ел дінсіз қауымның қолтығына барып паналайды. Олар қорғансыз елге өктемдік жасап, реті келсе дүние-мүлкін талайды.

Қоғам • 12 Тамыз, 2019

Құрбан айт – ұлық мейрам

Кеше еліміздің барлық мешіттерінде айт намазы оқылып, күллі мұсылман баласы үшін ұлық мейрам – Құрбан айт басталды. Яғни, айт намазынан кейін әркім өзінің мүмкіндігіне қарай құрбан шалу құлшылығын орындады. Бұл рәсім әлі де екі күн жалғасады.

Тарих • 09 Тамыз, 2019

Әбілпейіздің хаты

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы 1755 жылдары Цин империясы Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберді де, Қазақ ұлысы Қытайдағы манжулар әулеті басқарған патшалықпен бетпе-бет түйісті.

Қоғам • 08 Тамыз, 2019

Тіл алауыздығы

Жалпы «алауыздық» деген жақсы нәрсе емес. Атам қазақ «алтау ала болса ауыздағы кетеді» деп бекер айтпаған. Қазіргі таңда әлемдік социологтар «Тіл алауыздығы» дейтін терминді қолда­нып жүр. Осы тақырып бойынша ұзақ жыл еңбектенген АҚШ-тың Браун уни­верситетінің профессоры Алака Хол­ланның пайымдауынша, тілдік алауыздық – отарлаушы тіл мен отарланушы тілдің арақатынасы салдарынан пайда болатын рухани һәм саяси теңсіздік екен.