Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1127 материал табылды

Спорт • 03 Шілде, 2024

Көшпелілер ойыны қарсаңында

8–14 қыркүйекте Астана қаласында өтетін аса ірі спорттық сайыс V Дү­­ниежүзілік көшпелілер ойны. Қа­зіргі таң­да дүбірлі додаға дайындық қызу жүріп жатыр. Байрақты бәсеке ұлт­тық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы да­ладағы көшпелілер өркениетінің мұра­гері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гума­нитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да қажетті екені сөзсіз.

Талбесік • 28 Маусым, 2024

Тұйғын

Шәулі құстарының ішіндегі әдемісі, ұшқыры, бағалысы осы – тұйғын. Бұның қадірлі болатын себебі: тұқым-түрі кең тарамаған және өте сирек жұмыртқалайды. Қолға сирек түседі. Ұясын адам аяғы жет­пейтін жерге жасырып салады.

Талбесік • 27 Маусым, 2024

Лашын

Лашынның құстың дене бітімі шәулі құстар арасында орташа, басы, көзі, аяқ жаратылысы ителгіге ұқсайды, бірақ сәл кішірек болады. Көбінің түсі қара қоңыр шұбар, тамағы ақ жағал, қанаты ұзын, құйрығы қысқа, көзі қара, кеуде жағы жуан, қаршығадан әнтек үлкен, топшылы келген сұлу құс.

Зерде • 26 Маусым, 2024

Құралай көз нысана

Халқымыз ауызекі тілде «Құралайды көзге атқан мерген» деген тіркесті көп айтады. Мысалы, жуықта ғана «Abai TV» телеарнасының жаңа жобасы – «Сөз» атты бағ­дарламада дәл осы атаудың мәні мен мазмұны хақында айтылды. Олардың пайымынша, «құралай» сөзі «колибри» атты кішкентай құстың атауынан шығуы мүмкін.

Талбесік • 25 Маусым, 2024

Қаршыға

Қаршыға – саят һәм шәулі құстарда алымды саналады. Сондай-ақ тұйғын мен тұнжыр осы қаршыға тұқымдастар қатарына жатcа, тек бірыңғай таза қаршыға тұқымы: «ақ тарлан», «қара тарлан», «қызыл қайың», «сарының тегі» деп төрт түрге бөлінеді. Қаршыға дене бітіміне қарай: «ірі», «бұқа», «тана», «шәулі» деп аталады.

Футбол • 21 Маусым, 2024

Ел күткен Еуропа чемпионаты

Өткен аптада әлем жанкүйерлері төрт жыл күткен «EURO 2024» доп додасы басталды. Өткен тарих бедеріне үңілсек, қарт құрлық чемпионаты алғаш жалауын көтергелі биыл 84 жыл­дың жүзі болыпты.

Мирас • 21 Маусым, 2024

Жамбының аты

Ерте заманда қазақ мер­гендері ат үстінде шауып келе жатып сырық басына іліп қойған жамбыны атып түсіру үшін ат таңдаған. Өйткені мерген мінетін ат толық үйретілген әрі се­зімтал, иесінің тақым қы­суы мен тізгін қаққан сәтін қалт жібермей аңға­ратын ақылды, шабысы өте жайлы, жұмсақ болғаны дұрыс.

Талбесік • 20 Маусым, 2024

Ителгі

Шәулі қырандардың ішінде лашын мен ителгіні үнемі томағалап ұстайды. Бұл қырандарды аң-құсқа салудың қолайлы мезеті: таңның атуы мен күннің көтерілу арасы, кешке қарай күннің еңкеюі мен батуының арасы, дейді кәнігі құсбегілер.

Талбесік • 19 Маусым, 2024

Шәулі қырандар қандай құс?

Қазақ даласы – құсбегіліктің отаны. Егер де халқымыз әлем этнографиясына нендей үлес қосты дегенге тоқталсақ, ұлтымыздың бекзат өнері құсбегілікті айтар едік. Өйткені көк аспанда еркін самғап жүрген қыран құстарды жерге түсіріп, оны қолға үйретіп, аңшылық кәсіпке баулыған һәм оны классикалық түрде жетілдірген жұрттың бірі – біздің бабаларымыз.

Жәдігер • 17 Маусым, 2024

Қола қазан

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІ және І ғасырда еура­зиялық кеңестікте ірі көшпелі империя құрған ғұн бабаларымыз адамзат тарихында әскери-әкімшілік басқару құрылымы берік мемлекет орнатқаны шындық.