Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23199 материал табылды

Кино • 14 Қараша, 2024

Қазақстандық фильм Францияда арнайы жүлдеге ие болды

Асхат Кучинчерековтің «Ба­уырына салу» фильмі Фран­ция­дағы «Cinema Heritage» фес­ти­валінде арнайы жүлдеге ие болды.

Егемен Қазақстан • 14 Қараша, 2024

«Хат қоржын»

Мемлекеттік тілдің мерейін асырайық Қазақ халқының батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай деңгейде екенін білдіріп тұратын көрсеткіші» деп дәл тауып айтқан ғой. Елімізде қазақ тілін тұғырына қондыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді дегенімізбен, батпандап кіргеннің мысқалдап шығатынын да қаперде ұстаған жөн. Қазірдің өзінде қазақтардың саны бүкіл республика халқының 70 па­йы­зынан асты. Осылайша, мемлекеттік тіліміз эволюциялық жолмен-ақ бірте-бірте өз биігіне табан тірейтіні күмән туғызбаса керек.

Пікір • 13 Қараша, 2024

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңартатын ірі жоба

Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясы аясында Қазақстан Үкіметі мен Ислам даму банкі арасында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстандағы су ресурстарын дамыту жобасын іске асыру үшін ұзақмерзімді қаржыландыру шартына қол қойылды.

Тұлға • 13 Қараша, 2024

Тұлғаға қатысты тарихи құжаттар

Рысқұловтың өмірі мен мемлекеттік қызметіне қатысты бізге беймәлім деректер мен құжаттар, архив материал­дары әлі де аз емес, себебі Тұрардың күні бүгінге дейін толық библио­гра­фиялық көрсеткіші жасалған жоқ, ал бұл істі жүйелі түрде қол­ға алатын кез де, уақыт та жетті. Сондай құжаттар Рыс­құ­ловтың қазақ жері аумағының қалыптасуына қатысты, оны іске асыруға байланысты көтерген мәселелері болса, екін­шісі – шығыс елдеріндегі кино өнерін дамытуға қатысты прак­ти­калық іс-шаралары мен жасаған шешімдері.

Зерде • 13 Қараша, 2024

Көшелі Көшкінов

Ол екі ғасырдың небір қатерлі өткелінен сүрінбей өткен, ойға алғанын орындап, мақсат жолында тайғақтамаған кісі. Бұл сөздерді сексеннен асып бақиға жол тартқан Көшкіновті жетік білген соң, тасқайнар қайсарлығы, сөзге тоқтап, айтқанын бұлжытпай орындайтыны сабақ болса екен деп айтып отырмыз. Сүлеймен Көшкінов кім еді дегізбес үшін, кешкен тірлігін, қара жұмыстан зорығып, қапыда жан тапсырған әкеден төрт жасында жетім қалып, әже мен шешенің, әкесінің ағасы Сейдахметтің қамқорлығында ширағанын алға тартпақпыз.

Аңдатпа • 13 Қараша, 2024

Аңдатпа

20 қараша - «Абай – Тоғжан» Музыкалық жас көрермен театрының Түркістан облысына гастрольдік сапары аясында М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы ұсынылады. Инсценировка авторы – М.Әбіл. Режиссері – А.Маемиров. 

Спорт • 13 Қараша, 2024

Қайраткер атындағы турнир

Жақында Астанадағы «Аризона» бильярд клубында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған бильярд ойынынан турнир ұйымдас­ты­рылды.

Оқиға • 12 Қараша, 2024

Көкібелдің бел баласы

Майбұлақ өңірі ежелден қырмызы қызғалдағымен, жауқазын жайнаған дархан  даласымен көздің жауын алады. Әсіресе сәуір-мамыр айларында қойы қоздап, сиыры бұзаулап, жылқысы құлындаған  шақтағы қызығы өз алдына бөлек.  Мамыр-маусым айларында таңмен таласа биікке көтерілген бозторғайлар мен ақбауыр торғайлар тамылжыта түрлі әуенге салып сайрағанда аядай ғана Майбұлақ ауылының тіршілігі басталады. Ол кезде Майбұлақта  30-40 қана тұрғын тұратын. Бәрі бір ағайынның балаларындай ынтымақты еді.

Саясат • 12 Қараша, 2024

Білім және медицина саласы қызметкерлерімен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Президент қойған міндеттер аясында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге кеңестер өткізілді.

Үкімет • 12 Қараша, 2024

Әскери ынтымақтастық туралы заң қаралады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лы­ғымен палата бюросы өтті. Онда депутаттар 14 қарашада өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және палатаның осы аптадағы іс-шаралар жоспарын пысықтады.