Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24269 материал табылды

Әлем • 19 Қаңтар, 2022

Қытайда бала туу көрсеткіші рекордтық деңгейде төмендеп кетті

Қытайда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан рекордтық деңгейге дейін төмендеп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz cnn.com-ға сілтеме жасап.

Қазақстан • 19 Қаңтар, 2022

Тәлімгер ұстаз, білікті басшы еді...

Былтыр 4 қарашада «Egemen Qazaqstan» газетінде елордадағы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 мектепте ашылған Қазақ тілі кабинетіне өмірінің соңғы кезеңінде осы оқу орнының басшысы болған Ербол Іргебай есімі берілгені туралы жазылды. Бұл – күні кеше ғана орталарында жүрген, аз ғұмырында өшпейтін үлгі-өнегесін қалдырған ардақты азаматқа мектеп ұжымы көрсеткен лайықты құрмет еді.

Қазақстан • 19 Қаңтар, 2022

Жаңа Қазақстанды құру жауапкершілікті талап етеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде қоғамға жаңа Қазақстанды бірге құрайық деген ұсыныс тастады. Менің ойымша, бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін дүние.

Экономика • 19 Қаңтар, 2022

Әл-ауқат ұзақ мерзімде жақсарады

Халықтың экономикалық проблемалары әлі шешілген жоқ. Егер орталық және атқарушы органдар жағдайды түзеп, болашаққа қадамды қазірден бастамаса онда «Қаңтар қасіреті» алда тағы қайталанады. Мемлекет қысқа мерзімді қолдау шаралары мен күштік құрылымдарға сүйеніп ахуалды ретке келтіргеннің өзінде алысқа бара алмаймыз. Ондай қысқа уақытта реттелген дүние бүкіл проблеманы түбіріне дейін шешпейді.

Пікір • 19 Қаңтар, 2022

Қоғам ұстанымы – әділет пен теңдік

Қоғам мен билік арасындағы жанжалдың туындауы қалыпты жағдай саналады. Дегенмен Алматы қаласындағы болған жанжалды қарастырып көрелік. Кез келген жанжал теңсіздік орын алғанда туындайды.

Қоғам • 19 Қаңтар, 2022

Сенім телефонына түскен әр өтініш мұқият тексеріледі

Министр ІІМ сенім телефонына келіп түскен әрбір өтінішке мұқият тексеру жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Polisia.kz. «ІІМ сенім телефоны» (14-02 немесе 71-41-09) азаматтар үшін өз құқықтарын қорғауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, туыстарын іздестіруге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде полицейлерге көмек көрсетуді ұйымдастыруда жақсы құрал болды.

Қазақстан • 19 Қаңтар, 2022

Партия бар күшін жұмылдырады

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнеконференция режімінде барлық өңірлік филиалдармен жергілікті жерлерде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда өткен Парламент Мәжілісінде қойған міндеттерін орындауға қоғамдық және партиялық қолдауды қамтамасыз ету жөнінде жиналыс өткізді, деп хабарлады Nur Otan-ның баспасөз қызметі.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2022

Жұмыссыз жастарға қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде отандастарымыз, соның ішінде ел жастары үшін аса маңызды мәселелерге тоқталды. Президент, әсіресе, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін, білімі жоқ жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесін алға тартты.

Қаржы • 18 Қаңтар, 2022

Кедейлікті төмендету маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің пленарлық отырысында маңызды мәселелерді күн тәртібіне көтерді. Ең алдымен, Президент ел экономикасы мен жеке адамның кіріс деңгейін арттыру ісі бір-бірімен сәйкес болу керек деген ойын ортаға салды. Себебі көп жағдайда ел экономикасындағы макро көрсеткіштер көңіл көншіткенімен, жеке адамның тұрмыс деңгейіне, әл-ауқатына ықпалы болмайды.

Бизнес • 18 Қаңтар, 2022

Кәсіпкерлікті дамытуға назар аударған жөн

Елімізде орын алған қайғылы оқиға бизнеске де кері әсерін тигізді. Жыл басында орын алған тәртіпсіздіктер барысында бизнес зардап шекті. «Атамекен» ҰКП-ның есептеуі бойынша бүгінгі таңда бизнес­ке келтірілген залал шамамен 104 млрд теңгені құрады. Ең көп зардап шеккен Алматы қаласындағы бизнес субъектілері – 102,2 млрд теңге.