Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23725 материал табылды

Президент • 21 Қыркүйек, 2021

Халық пен билік арасы жақындай түсуге тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын министрлер мен әкімдерге, басқа да лауазым иелеріне әлеуметтік желі арқылы халықпен бірге болып, жұрттың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріңдер деген еді.

Президент • 21 Қыркүйек, 2021

Гендерлік теңдік – даму негіздерінің бірі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында адам құқықтарын қорғау мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Ол депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге міндетті 30% квота туралы норманы заң жүзінде негіздеуді тапсырды.

Президент • 21 Қыркүйек, 2021

Қымбатшылықтан құтылғымыз келсе...

Президентіміздің биылғы Жолдауы әлем­дік, аймақтық және экономикалық дағ­дарыстың ушыққан сәтімен тұспа-тұс келіп отыр. Былтырдан бері пандемияға ұласқан коронавирус індеті түрлі штамға мутацияланып, толқын-толқынымен өршіп, әлемдік экономикалық дағдарысты тереңдете түсуде. Жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі, қуаңшылық пен орман өрті сияқты стихиялық табиғи апаттар да жығылғанға жұдырық болып отыр. «Жұт жеті ағайынды» деген осы шығар.

Руханият • 20 Қыркүйек, 2021

Нәубетті жылдардың ызғары әлі күнге жаныңды қариды

Коммунистік партия басшылары билікті өз қолдарына алғаннан кейін, бүкіл Ресей империясына қараған елдерде халықты қорқынышта ұстау үшін, көңілдеріне жақпағандардың бәрін қырып-жойып, ел ішінде қанды қырғын бастады. Елге арқау болып отырған байлардың, басқа да азын-аулақ күн­көрісі барлардың қолдарындағы малын зорлықпен тартып алып, өздерін жер аударып, аса қауіпті дегендерін түрмеге жауып, атып өлтіргеннен кейін қолдан ұйымдастырылған ашаршылық болды.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021

Өмірге іңкәр, өнерге құштар

Қазақ ежелден дүниеге келген нәрестеге ат қоюға ерекше мән береді. Оның ырымы да, жөн-жосығы да сан алуан. Әсіресе, атағы, абыройы ел арасына, тіпті жаһанға жайылған ұлы тұлғалардың есімдерін ұлықтап, өз баласына, немере- шөбересіне қойып жүруі жақсы дәстүрдің төрінен орын алады. Сондай ұлы есімдерді «арқалап» жүрген азаматтардың бірі – біздің әріптесіміз, замандасымыз, бауырымыз – Абай Бөлекбайұлы Тасболатов.

Президент • 20 Қыркүйек, 2021

Болашаққа бағдар берген құжат

Президенттің Жолдауы – мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл құжаттан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады.

Тарих • 19 Қыркүйек, 2021

Дәуір үнінің дүлдүлі

100 жыл. Атқан таңның арайлы шапағымен таласа тұрып, күн са­йын еліміздің, әлемнің түрлі саладағы соңғы жаңалықтарын әрбір отбасына жеткізген қайсар жандардың кешегі, бүгінгі бел шешпей, тізе бүкпей, үкілі үнімен, қазағының бай тілімен жасаған еңбектеріне еріксіз бас иесің! Өткен ғасыр халқымызға қай салада болсын маңдайы жарқыраған, айтулы тұлғаларға кенде болмады.

ANTIKOR • 19 Қыркүйек, 2021

Қоғамдық кеңес құрамы жаңарды

Өткен жұма күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде заңнама талабына сәйкес жаңа қоғамдық кеңес құрылды.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2021

Түркістанда «Бұл - біздің таулар» фестивалі өтті

Түркістан Оқушылар сарайы мен «Turkistan Tourism Center» орталығы бірлесе «Бұл - біздің таулар» фестивалін ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021

Маңғыстаудың геологиялық ерекшеліктері қызықтырады

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Ақтау қаласына тұңғыш жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесу, БҰҰ агенттіктерінің жергілікті жобаларымен танысу, үкіметтік емес ұйымдар, жетекші БАҚ және жастар өкілдерімен кездесулер жоспарланған.