Пікір • 15 Наурыз, 2022
Президент маңызды шешім қабылдады
«Қасіретті қаңтар» оқиғасы Тәуелсіздіктің 30 жылындағы еліміздің тарихында ең қасіретті күндері болып қалары анық. Себебі Қазақстанда бұрын-соңды мұндай оқиға болған емес. Бұл оқиға дүйім елді дүрліктіріп, талай отбасын қара жамылдырып кетті. Сонымен қатар санамызды өзгертті, көп нәрсеге көзімізді ашты. Шындап келгенде, көпшілігіміз ел тарихында осындай қайғы мен қасіретке толы дүрбелең болады деп еш ойламаған едік.
Технология • 14 Наурыз, 2022
Роботтехника – жаңа заман талабы
Роботтарды күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін қолданушылар роботты басқару біліміне, дағдыларына ие болу керек. Сол үшін робот техникасына қызығушылық, базалық білім және дағды қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда мектептегі информатика пәні мұғалімдері оқушыларға роботтехниканы да үйретіп жүр. Роботтехникамен жұмыста инженерлік бағдарламалауды жасай алу, өз бетімен дербес бағдарламаларды құрастырып, оларды іске асыру назарға алынады.
Әдебиет • 14 Наурыз, 2022
Құла жорға немесе даңққа байланған тағдырлар
Ешкіөлместің етегіне Арқаның ақтан кері Біржан ат басын бұрып, «Бұл үйде Сара бар ма?! Келсін бері!» деп қиқуға басқанда, сүйріктей Сара ақшабақтай шоршып, қармаққа ілінбейді. Лажы құрып бара жатқан сал тал қармап, «қалап тиген күйеуіңді көрсет» деп, мұқатуға себеп іздейді.
Тарих • 13 Наурыз, 2022
Қолдағы мәлімет бойынша Ақмола облысы аумағында 11 жазалау лагері болған. Бұл сан одан да көп болуы мүмкін.
Ғылым • 13 Наурыз, 2022
«Ұранымыз – алаш, керегеміз – ағаш» түсініктерінің ұлттық негізі
Әр халықтың өзі туралы айтылған мақал-мәтелдерінде халық өмірінің сипаты, ұлттық психологиясы көрініс табады. Қазақ халқы өзі туралы: «Түбі бір түркіміз, ұраны бір қазақпыз», «Киіз туырлықты қазақпыз», «Ұранымыз алаш, керегеміз ағаш», «Атамыз алаш, керегеміз ағаш, үш жүздің ұрпағымыз», деп кейінгі ұрпаққа өз тарихы мен тұрмысынан мағлұмат береді.
Президент • 11 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2022
Кен орындары уақтылы игерілмеген
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қатты пайдалы қазбалардың барлық кен орындарына (уранды қоспағанда) тексеру жүргізіп жатыр. Қабылданып жатқан шаралар инвестицияны арттыруға бағытталған.
Қазақстан • 10 Наурыз, 2022
Менің түсінігімде Жаңа Қазақстан – баянды ел, мемлекет құру. Себебі өмірдегі баяндылық орнықтылық пен тұрақтылықты, тиянақтылық пен тыңғылықтықты, тұрлаулылықты аңғартады. Ол сонымен қатар нәтижелілік, жемістілік, игілікті білдіреді және ең маңыздысы, бұл – осылардың бәрінің ұзағынан болуын көздейтін терең философиялық мәні бар ұғым. Ендеше, қазақ жұртының алдында ауқымды мүдделі меже-міндеттердің тұрғаны айдай аян.
Руханият • 10 Наурыз, 2022
Атыраудан ауылға қарай бет алсам, ұзын жолдың 827-шақырымындағы «Сүлеймен ата» деген бағыттама қалың ойға батырып, есіме еріксіз өткен бір жайды оралтады. Оның бәрі ел басына төнген отызыншы жылдардағы нәубет салқыны еді. Сол ызғар талайды атажұрттан ажыратты, адастырды, тамырынан қиды.
Әдебиет • 10 Наурыз, 2022
Майра Баянауыл елінің қаймағы, мықты тұғыры, жанды-жақты мықты әулеті – Шорман тұқымының келіні болды. Ол Садуақастың ұлы жас болыс Зәржанға әйел үстіне тоқал болып тиген-ді. Сөйтіп, ерке көңіл әншінің біраз ғұмыры Зәржанмен өтті.