
Пікір • 30 Қаңтар, 2025
Батыл шешімді талап ететін кезең
Президент табандылық пен төтенше шешімдерге дайын болуды талап ететін алдымызда тұрған айрықша міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ үйреншікті сүрлеумен жүре бермей, жүйелі өзгерістер қажет екеніне назар аударды.
Пікір • 30 Қаңтар, 2025
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттен қаржылай көмек алған екінші деңгейлі банктердегі ақшаны кері қайтаруды Ұлттық банкке тапсырды.
Пікір • 30 Қаңтар, 2025
Үкіметке зор жауапкершілік жүктелді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Бұл – жылдың басындағы аса қажетті жиын. Елдегі экономикалық жағдай сарапқа салынды. Мемлекет басшысы түйінді сөзінде Үкіметтің және басқа да құзырлы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттеріне тоқталды.
Білім • 30 Қаңтар, 2025
Шәкіртақы жүйесі жетілдіруді қалайды
Еліміздегі жоғары білім жүйесі кейінгі жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет білім сапасын жақсарту мақсатында көптеген реформаны жүзеге асырып, студенттерге қолдау көрсету үшін стипендия көлемін арттыруда бірқатар қадам жасады. Дегенмен студенттердің күнделікті өмір сүруі мен шығынын толық қамтамасыз ету үшін берілетін шәкіртақы жеткілікті ме?
Пікір • 29 Қаңтар, 2025
ҚҚС мөлшерлемесін арттыру – қажетті шара
Қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселенің бірі – жаңа Салық кодексі, тиісінше салық салудың жаңа ережелері. Салық жүйесін қайта қарау туралы шешім соңғы бірнеше жылда тапшылыққа ұшыраған бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту қажеттілігімен байланысты. Қазіргі уақытта тапшылық ішкі жалпы өнімнің 2,7%-ын құрайды. Бұл ретте алдағы 2025 жылға бюджеттің кірісі 21,39 трлн теңге, ал шығысы 25,19 трлн теңге болады деп жоспарланып отыр. Жоспарланған тапшылық 4,1 трлн теңгені құрауы мүмкін, бұл келешекте біртіндеп төмендейді.
Пікір • 29 Қаңтар, 2025
Көшбасшы компаниялар тобын қалыптастыратын кез келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуының басым бағыттары белгіленді. Мемлекет басшысы Ұлттық банк пен Үкіметке бірлескен күш-жігермен инфляцияны тежеуді және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2025
Халықтың әл-ауқатының сапасы – басты көрсеткіш
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндап, алдағы кезеңде атқарылар негізгі міндеттерге тоқталды. Жиынға Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.
Пікір • 29 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына бүкіл елдің назары ауды. Онда мемлекетіміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, алдымызға жаңа ауқымды міндеттер қойылды.
Пікір • 29 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің алдағы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты стратегиялық міндеттерді белгілеп берді. Президент сөзі биліктің барлық тармағы үшін нақты бағдар болып, еліміз жаңғыру, инновация және орнықты даму жолынан айнымайтынын көрсетті.
Сенат • 29 Қаңтар, 2025
Ғылымды дамыту келешегі талқыланды
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары ғылым қалаларын дамытуға арналған кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген ғылым қалаларын қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасының жобасына Курчатов қаласын қосу мүмкіндігі басты назарда болды.