Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23695 материал табылды

Бизнес • 17 Шілде, 2025

Меморандумға қол қойды

Елімізге саяхаттау Қытай турис­теріне бұрынғыдан да қол­жетімді болмақ. Туризм сала­сын­дағы ҚХР-дың жетекші digital-платформаларының бірі «Zowoyoo» Орталық Азиядағы ал­ғашқы кеңсесін Алматы қала­сында ашты. Бұл туралы «Цифр­лық Жібек жолы – 2025» халық­аралық форумында жарияланды.

Әдебиет • 16 Шілде, 2025

Тапқырлық

Жазушы Сәбит Мұқанов делегациямен шетелде сапарлап, қала аралап жүреді. Задында өмір құбылыстарын көруге, білуге жаны құмар жазушы алаңдарлық жай көп-ақ. Айналаңның бәрі тосын, тосынның бәрі таңсық.

Руханият • 16 Шілде, 2025

Тұлға белесі: даярлық туралы ой-толғам

Міржақыптың мерейтойы жақындаған сайын осы айтулы кезеңге дайындық барысы әртүрлі деңгейде пысықталып, елдік сынның, ұлттық пайымның талаптары жіті сараланып, атқарылатын іс-шаралар барысы пысықталып жатқаны орынды. Бұрын алыстан естілетін той дүбірі күн өткен сайын нақ іргеге тақап қалғаны сезіліп, тіптен қамшы бастыра түсетіндей.

Заң • 16 Шілде, 2025

Сот төрелігінің тиімділігін арттыру міндеті

1 шілдеден бастап елімізде үш жаңа кассациялық сот жұмыс істей бастады. Бұл маңызды қадам сот жүйесі дамуындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді және мемлекетіміздің сот төрелігін жүзеге асырудағы жоғары стандарттарға ұмтылысын көрсетеді. Реформа Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысында берген тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып, сот төрелігіне толық қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Туризм • 15 Шілде, 2025

Туристік аймақтың инфрақұрылымы реттелуге тиіс

Мемлекет басшысының ішкі туризм­нің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Алакөл көлі жағалауының жер пайдалану картасымен таныс­ты.

Ғылым • 15 Шілде, 2025

Селен өндірісіндегі серпінді жаңалық

Ғылым – ұлттың интел­лектуалдық капиталы мен технологиялық тәуелсіз­ді­гінің өзегі. XXI ғасырдағы бәсекелестік ғылым мен өн­діріс арасындағы байланыс­тың беріктігіне тікелей тәуелді. Осы тұрғыдан ал­ғанда, Қазақстан ғылымы­ның нақты экономикалық сұранысқа жауап беретін кезеңге қадам басқаны қуан­тады. Бұл үрдіске айқын мысал ретінде 2025 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсы­нылған Металлургия және кен байыту институты ғалым­дарының «Кондициялық емес түсті металлургия шикі­затынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауіп­сіз вакуум-термиялық тех­нологиясын әзірлеу және оның өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру» атты ғылыми жобасын атауға болады.

Ғылым • 15 Шілде, 2025

Атом энергиясы туралы іргелі жұмыс

Бүгінде еліміз энергетика, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы ауқымды өзгерістердің алдында тұрғанда Ядролық физика институтының (ЯФИ) еңбегі ерекше маңызға ие. Осы ұжымның бір топ ғалымы атом энергетикасын пайдалану мен зерттеу­ге байланысты кешенді зерттеу жұмысын аяқтап, ғылыми қауымдастықтан жоғары баға алып отыр.

Әдебиет • 15 Шілде, 2025

Жүрекке оралу

Бүгінде М.Әуезов пен М.Мырзахметұлының зерттеулері арқылы Абай шығармаларындағы Толық адам туралы ой желілерін біршама білгірлікпен байыптай алатын халге жеттік. Алайда мұның терең төркіні мен желілі жүйесін, хакім қалыптаған болмысын жете танымай, науқаншылдықпен насихаттаушылық та бар. Толық адам ілімі – Абайдың өзіне дейінгі адамгершілік іліміне сүйене жүріп, заманының да талабынан туындатып, өзі жырлап, өзі қалыптап жасаған төл танымы.

Әдебиет • 15 Шілде, 2025

«Көкжал дәуір» кеңістігі

Мұхиттың арғы жағынан қазақ қауымын елең еткізер жақсы хабар келді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Нұрлан Оразалиннің «Көкжал дәуір» атты таңдамалы жыр кітабы Америка Құрама Штаттарында ағылшын тілінде жарық көріпті. Қуанышты хабарды жеткізген – Қазақ Пен-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин.

Қоғам • 15 Шілде, 2025

Даласын сүйген дара перзент

Ауылдың ақ топырағына аунап өсіп, есейе келе арман-мақсатын үлкен қаладан іздемей-ақ, жанына жақын өңірдің жанашырына айналып кететін ақеден жандар болады. Ондай азаматтар туған топырақтың қыр-сырын жақсы біледі, қадір-қасиетін жүрегімен сезіне алады һәм жұртшылықпен біте қайнасып кетеді. Өз басым Орынбасар Бәйімбетовті сондай жандардың бірі санаушы едім. Бұл күнде арамызда жоқ асыл азаматпен соңғы рет Астанада, қарындасы Әшіркүл апай мен Бимен ағаның кіші ұлы Мұраттың шаңырағында жүздескенім есте. Қай кезде де өте ширақ, ықшам, көңілді жүретін. Осы жолы жүзі сынық, кішкене шаршаулы көрінді. «Денсаулық мазалап жүргені» деді. Бірақ мені көрген бетте жүзіне әлдебір шырайлы сәуле кіріп, «жазушылармен салқын сөйлесуге болмайды» дегенді айтып, ара-тұра нағашы-жиендік әзіл аралас әңгімелер өрбіді.