Спорт • Бүгін, 10:40

FIFA әлем чемпионатының матчтарына қосымша билеттерді сатылымға шығарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының басталуына 50 күн қалғанда халықаралық футбол федерациясы (FIFA) билеттер сатылымының финалдық кезеңін қайта ашты. Бұл кезеңде АҚШ, Мексика және Канадада өтетін турнирдің барлық 104 матчы бойынша билеттер сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

FIFA әлем чемпионатының матчтарына қосымша билеттерді сатылымға шығарды

Фото: ашық дереккөз

FIFA мәліметінше, қазірдің өзінде 5 миллионнан астам билет сатылған, ал жалпы турнирге 6 миллионнан астам билет қарастырылған. Сатылымға 1-3 санаттағы орындармен қатар, кейбір матчтар үшін алаңға жақын премиум орындар да ұсынылады.

48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?

Бұған дейін билет бағасының қымбаттығы қоғамда сынға ұшырап, кейбір сарапшылар бағаны төмендету қажеттігін айтқан. Алайда FIFA билет құны сұранысқа байланысты өзгеріп отыратын динамикалық баға жүйесі арқылы реттелетінін мәлімдеді. Сонымен қатар жанкүйерлер үшін шамамен 60 АҚШ долларынан басталатын қолжетімді билеттер қарастырылған, олар жалпы билеттердің шамамен 10 пайызын құрайды.

«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды

FIFA қосымша билеттерді матчтар кестесіне қарай финалға дейін кезең-кезеңімен шығарып отыратынын хабарлады. Турнирдің финалдық ойыны 19 шілдеде өтеді.

Соңғы жаңалықтар