
Аңдатпа • 19 Қыркүйек, 2024
21 қыркүйек - Ертегілер елінде Астана қаласының Қуыршақ театрында «Арыстан патша» ертегісі қойылады.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2024
Бір жылдай болды, әжесінің баласы дзюдо секциясына қатысып жүр. Аптасына үш мәрте оң жағалаудағы «Алақайға» таксимен барып қайтады. Таңғы сегіздегі жаттығуға 6:30-да тұруы керек. Кейде «бала ғой, ұйықтасыншы» деп оятпай кетеміз. Кей күні такси табылмай діңкелетеді. Қалай десек те, шама келгенше жаттығудан қалдырмауға тырысамыз.
Инвестиция • 18 Қыркүйек, 2024
Инвестициялық ахуалды жақсарту қажет
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестициялық ахуал мен бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолындағы үздіксіз жұмыс істеу мәселесінің маңызды екенін атап өтті.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауында бірқатар маңызды мәселе көтерді. Көбі қаржы секторына байланысты болды. Келесі жылдан бастап коммерциялық қаржы нарығы мен мемлекеттік қаржы секторында елеулі өзгеріс күтіп тұр. Банктер енді экономикаға жұмыс істейді. Егер олар көнбесе, шетелден корпоративті секторды қаржыландырғысы келетін көптеген ойыншы шақырылады.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2024
Президент биылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты қадау-қадау проблемаларды ашып айтып, түйткілді мәселелерді шешуді нақты тапсырды. Солардың қатарында балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық спортты дамытуға баса мән беру керектігін де айтты.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024
Халық штабы Ұлытау жұртшылығы ортасында
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабы аймақтарда тұрғындармен кездесулер өткізіп жатыр. Кеше штаб мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен жүздесіп, атом электр стансасын салу мәселесін талқылады.
Тұлға • 18 Қыркүйек, 2024
Халқымызда ел ағасы деген жақсы бір ұғым бар. Сондай бірегейлердің қатарында бүгінде Шымкент қалалық ардагерлер кеңесіне төрағалық етіп отырған Кенжехан Атақұлұлы Төлебаевты бөле-жарып атауға әбден болады. Сары даланың май топырағын жалаңаяқ кешкен қыр баласынан туған жердің төсін маңдай терімен суарып, өскен өңірін өркендеткен ел ағасына дейінгі жолдан абыроймен жүріп өткен атпал азаматтың әрбір асқан асу, бағындырған белесі өрісті өнегеге толы.
Аңдатпа • 18 Қыркүйек, 2024
20 қыркүйек - «Күзгі кездесу» Астана Опера сахнасында «Күзгі кездесу» камералық музыка кеші өтеді.
Ең қысқа әңгіме • 18 Қыркүйек, 2024
Коммунистік партияның үгіт-насихаты қызып тұрған 70-жылдардың аяғы екен. «Білім» қоғамының белсендісіне шеттегі бір ауылға барып, түгеншесінші съездің шешімдерін түсіндіру тапсырылады. Егіннің жиын-терім науқаны болса керек. Бәрі жұмыста. Басқараманың «Ленин бөлмесіне» екі-ақ адам келіпті. Яғни тыңдаушы – бір сауыншы мен бір жылқышы. Сауыншы таңсәріден тұратындықтан, күндіз мең-зең жүретін жан секілді. Жылқышы сергектеу.
Банк • 17 Қыркүйек, 2024
Moody's Investors Service агенттігі Отбасы банктің ұзақ мерзімді рейтингін Baa1 деңгейіне көтерді
Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі 2024 жылдың 12 қыркүйегінде Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін Baa2 деңгейінен Baa1 деңгейіне дейін көтерді. Сондай-ақ несиелік қабілеттіліктің базалық бағасы (ВСА) және түзетілгені ВСА ba2-ден ba1-ге дейін көтерілді.