Сенат • 22 Қаңтар, 2025

Тәлімгерлікті дамыту туралы заңды қарады

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң талқыланды.

Тәлімгерлікті дамыту туралы заңды қарады

Сурет: instagram.com/senate_kz/

Заң ұлттық заңнаманы жетіл­діруге, оның ішінде мемлекеттік тілдің қолда­нылуын кеңейтуге, оның мәртебесін нығайтуға, ба­ла құқықтарын қорғауға және бі­лім беру жүйесін дамытуға ба­ғытталған.

Мәселен, жетім балалар мен ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын реттеу үшін заңна­маға «тәлімгерлік жөнінде­гі ұйым» ұғымы енгізілетін болды. Тәлімгер болуға үміт­кер адам­дар міндетті түрде тәлім­гер­лік бойынша оқудан өтуге тиіс бо­лады, сондай-ақ тәлім­гер­лік жөнін­дегі оқуды ұйым­дас­­тыратын ұйым­­­дардың құ­қық­­тары мен міндеттері айқын­далады.

Ұлттық сөздік қоры мен Қа­зақ тілінің ұлттық корпусын құру туралы ережелер енгізі­леді, олар мәтіндер мен сөздік қорына қол жеткізуді, сон­дай-ақ жасанды интеллекті пай­далана отырып, тіл үлгісін қалып­тастыруды қамтамасыз етеді.

Дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми жұмысын ынталандыру мақсатында ха­лық­аралық ғылыми жобалар кон­курстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекет­тік білім беру гранттарын конкурстан тыс беру жөніндегі ереже болады.

Депутаттар кеңейтілген оты­рыс­тың қорытындысы бойын­ша заңды палатаның қарауы­на жіберу туралы ше­шім қабыл­дады.