
Тағзым • 01 Ақпан, 2025
Тумыс-тағдыры тұрғысынан ғажап, ал шығармашылығы тұрғысынан азапты да ғажап фәнилік ғұмыр кешкен, әр шығармасы арқылы ұлт рухты жұртын сүйіндіріп, құл құлықты қорқау да кекшіл топты күйіндіріп, мысымен басқан, алғашқы империялық өктемдіктің тосқауылы мен солардың можантопай, тоңмойын батыраштарының тосқауылына бетпе-бет келгеннен бастап, жиырма жасында өзіне: «Мен ұлы қағанаттың ер ұлы, «ел қамын жеген Едігенің» тұқымымын, жасымаймын. Менің мемлекетім – Алтын орда, менің астанам – Сарайшық. Қағанаттың қалпына келетін күні туады. Мен соның шетін көруге тиістімін. Сол үшін ештеңеден қаймықпаймын!», деген сенімді сертке ұстаған, көз жұмарының алдында батыс өңірдегі сызықтан сырт қалған қазақтардың санын есептеп: «Үш жүз мыңға тарта екен. Демек, Алтын орданың шетін уығы шаңырағына шаншылатын заман сөзсіз туады», деп рухтанған Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннен де көз жазып, көңіл суытып алдық.
Пікір • 01 Ақпан, 2025
Еліміз экономикалық даму үдерісінде оң мен сол соқпақтың бірін таңдауға тиіс жолайырыққа келіп тірелді. Бәрібір ауыр таңдау жасау керектігін кейінгі 2–3 жылда айқын сезе бастадық. Мемлекет басшысы да, сарапшылар да Үкіметтен батыл шешімдер мен шаралар талап етіп отыр. Кеңейтілген отырыста біздің енді қалай жүретініміз айқындалды.Ол жаңа қоғамдық келісімнің негізін құрайды деп айта аламыз.
Басылым • 01 Ақпан, 2025
Осыдан екі жыл бұрын 2 ақпан елімізде Ұлттық баспасөз күні болып бекітілген еді. Барша газет-журналдың кәсіби мерекесі ретінде бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ.
Пікір • 01 Ақпан, 2025
Қазір қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелу үшін белгіленген жоғары шек – 78 млн теңге. Бұл шекті төмендету қажет. Себебі қазіргі салық заңнамасы бизнестің арнайы салық режімдерін пайдалану арқылы салықтық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Пікір • 01 Ақпан, 2025
Агроөнеркәсіптік кешенді нығайту айқындалды
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаһанда болып жатқан үдерістердің елімізге тигізер жағымды да жағымсыз ықпал-әсерлерін айта келе, бізге оларды еңсеретін тиісті стратегия керектігіне назар аударды. Үкіметтің және басқа да құзырлы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттерін пысықтады.
Саясат • 01 Ақпан, 2025
Интеграцияның жаңа мүмкіндіктері
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкіметтерінің басшыларымен Одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері мен ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Онда кедергісіз сауданы дамыту, іскерлік ахуалды қалыптастыру, туристік әлеуетті ашу мәселелері қаралды.
Тұлға • 01 Ақпан, 2025
Ертеректе Тобыл – Торғай өңірінде Шайынғазы Мұхамеджанов деген ақсақал болған. Елімізде ауыл шаруашылығы ісін ұйымдастырушы ұжымшар басшыларының бірі еді ол кісі. Адалдығымен ел есінде қалған. Сол Шайынғазыны аудан басшылығы Пәленбай деген жерге барып артель, мойынсерік құрасын, адамдарды еңбекке жұмылдырасың деп аттандырады ғой.
Таным • 01 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Атмосферадағы тірі организмдер
Ғалымдар жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында өмір сүретін бактериялар мен саңырауқұлақтардың ерекше түрлерін тапты.
Сатира • 31 Қаңтар, 2025
Баяғы бұйрық. Жездемнің тілеуін беріп, аспирантурасын тәмамдаған жеріме мұғалім боп бара қалдым. Дереу жездеме жеткізіп едім, әлгі не деуші еді, төбесі төбеге екі-ақ елі жетпеді-ау.
Егемен Қазақстан • 31 Қаңтар, 2025
Ұлтын сүймеген елін жарылқамайды Ауылдағы жеті жылдық орыс мектебін бітіріп, қаладағы техникумда білім алуды жалғастырдым. Сосын институт. Барлық жерде орыс тілінде оқығаным айтпаса да түсінікті шығар. Сөйтіп, осы тілді кейбір орыс азаматтарынан кем білген жоқпын. Кезінде мұның пайдасын да көргенім рас. Бірақ осының бәрі ұлттық рухыма айтарлықтай кері әсерін тигізе алмады, өйткені далада өстім, ата-анам қазақтың қадір-қасиетін санама мықтап сіңіре білді. Үйде тек ана тілімізде сөйлестік. Міне, осының бәрі жинала келе, қазақы болмысымның қалыптасуына негіз қалады.