Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23550 материал табылды

Тарих • 10 Мамыр, 2023

«Дос-Мұқасанның» деканы

Былтыр елімізде «Дос-Мұқасан» көркем фильмі көрерменге жол тартты. Бұл 1967-1974 жылдардағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және есептеу техникасы факультеті студенттерінің вокалдық-аспаптық ансамблінің құрылуына, қалыптасуына және оның музыкалық-тәрбиелік маңызын елге таратуға арналған туынды болатын. Онда техникалық оқу орны студенттерінің республикада үздік музыкалық ұжым ұйымдастырғаны, бүкілодақтық байқаулардың жеңімпазы атанып, еліміздің эстрададағы аңызға айналғаны көрсетілген.

Тарих • 10 Мамыр, 2023

Іздейдің ізі

Өмірден ерте өтсе де артынан қажырлы еңбегі, ерен ерлігімен із қалдырған ұлағатты ұстазым Іздей Мұхамбетжанов жайлы естелік жазсам деген ой көптен мазалап жүрген еді. Сол мақсат мені жарты ғасыр бұрын артта қалған алаңсыз күндерге қайта оралтқандай.

Әдебиет • 10 Мамыр, 2023

Райымқұлов биігі

Роман жүгі ауыр жанр екені оқушы қауымға белгілі жайт. ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне олжа салған қадау-қадау көркем шығармалар сол кездегі оқырмандардың әлі күнге дейін есінде. Оны қазір ойша шолып шықсақ, Ғабит Мүсіреповтің атақты «Ұлпаны», Ілияс Есенберлиннің «Қаһарынан» бастап, көшпелілер өміріне арналған бірқатар туындысы әдебиетімізді жаңа биікке көтерген еді. Әбіш Кекілбайұлының «Үркері» мен Мұхтар Мағауиннің «Аласапыраны» есімізге алғашқылардың бірі ретінде оралады. Әбекеңнің (Нүрпейісов) «Қан мен терін», одан кейін «Соңғы парызын» оқыдық. Тізімді бұдан әрі де соза беруге болар еді. Сондай-ақ қазақ көркем әдебиетіне «Жасыл белес», «Түйелі адам», «Бала жігіт», «Қара жорға», «Балдақты адам» сияқты сүбелі шығармалар берген Рахметолла Райымқұловатың есімі де құрметке лайық деп білеміз.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Ғалымды еске алу турнирі

Серік Зайсанұлы Тайбоғаров – Катонқарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылының азаматы. Жастайынан білімге құштар болған талантты жас ізденді, жаңалыққа ден қойды. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор атанды. Қызметі өсіп, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, жоғары колледжінің директоры қызметтерін атқарды.

Әдебиет • 10 Мамыр, 2023

Сұлулық пен мейірім

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Ғабит Мүсіреповтің шығармаларында әйел-ана, арулар өмірі жан-жақты суреттелген. Бұл шығармаларының идеялық, тәрбиелік мәні де аса жоғары. Оларды оқыған оқырманның әйел-ананың ұлылығына деген махаббаты, сыйы, құрметі арта түседі.

Қоғам • 10 Мамыр, 2023

Атырауда әлеуметтік нан қымбаттады

Атырау супермаркеттерінің арнайы бөлімдерінде әлеуметтік нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұлға • 09 Мамыр, 2023

Кемел мен Әзілхан

Майданда болғандар өмірді, достықты ерекше қадірлейді. Майдандас достардың бір-біріне деген құрметі ерекше болатыны да сол. Өмір өткелінің бір мезетінде Кемелдің үйінде қона жатып, сырласқан сәті көз алдына арбалып тұра қалған. Онда Әзілхан «Социалистік Қазақстанның» Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болып істейтін. Кемел осы басылымның жауапты хатшысы еді. Алыстан келген досын қолқалап, төріне шығарған. Жұмыс аяғында жеткен бұларды орта бойлы, талдырмаш денелі, қараторы келіншек күлімдеп қарсы алады. Жайдарылығы жүзінен ескен жан екен, ашық қабағынан қонақ күтуге дағдыланған аңсарлы әдеп аңғарылады.

Тұлға • 09 Мамыр, 2023

Ардагер

Биыл Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, милиция полковнигі, КСРО ІІМ еңбегі сіңген қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Елеусін Қайназаровтың туғанына 100 жыл толады. Ол кісі ерекше әрі бірегей адам еді.

Тарих • 09 Мамыр, 2023

Батырлармен бауырластық

Көрнекті қаламгер Қабдыкәрім Ыдырысовтың шығар­ма­­шылығында соғыс тақырыбы ерекше орын алады. 13 жасынан бастап қанқұйлы соғыстың елге салған лаңын бастан кешірген Қабдыкәрім – ауылдағы аңырап қалған жетім-жесірдің көз жасын өлең оқып, домбыра «сабалап үйреніп» ән айтып жүріп сүртіп, жұ­батқан ұрпақтың өкілі.

Оқиға • 09 Мамыр, 2023

Ерлігі мәңгі есте

Әскерге шақыру науқаны соғыстың алғашқы күнінен бастап жүргізіліп, қазақ жерінен майданға 1 200 000-ден астам адам алынса, оның 602 000-ға жуығы туған топырағына қайтып оралмады. Майданда жанқиярлық ерлік­терімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген жер­лестеріміз 500-ге жуық.