Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2023
Ұландықтар алғашқы медициналық көмекке келді
8 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында «Ұлттық Банктің 100 жылдығына» арналған концерт ұйымдастырылды. Аталған шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Қыркүйек, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайылов республиканың мұнай-газ саласы ардагерлерінің қатысуымен Каспий теңізінің елімізге тиесілі бөлігін игерудің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйледі.
Жансарай • 08 Қыркүйек, 2023
Гүлжан Ізімқызымен алғаш Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда кездестік. Кездейсоқ деуге болар еді... Бірақ әуежайдағы ығы-жығы жолаушылардың ішінде өзгеше дараланып тұрған Гүлжан апайдың тұлғасын байқамау мүмкін емес еді. Алғаш танысып тұрсақ та, бірден шүйіркелесіп кеттік. Ұшар бағытымыз да бір – Астана екен. Ұзын бойлы, жанары оттай жалындаған, әр қимылы жарасымды, сәнді киінген сапарласым мені өзіне баурап, жан жатырқамайтын кісілік келбетімен тәнті етті.
Егемен Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2023
Тапсырмалар орындалуымен құнды Мен өзім диқан болғаннан кейін Президенттің ауыл шаруашылығына қатысты айтқан сөздерін мұқият тыңдадым. Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз», деді.
Пікір • 08 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жұрт шешімін асыға күткен көп мәселені ортаға салды. Сонымен қатар олардың кезең-кезеңімен жұрт үмітін оятып, сенімін нығайтатын жолдары қандай болуы керектігін айқын көрсетіп берді.
Пікір • 08 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық құрылымына қатысты реформалардың негізгі басымдықтарына тоқтала келіп, ел тағдыры үшін айрықша маңызы бар бірқатар жобаны жүзеге асыруды алға тартты.
Пікір • 08 Қыркүйек, 2023
Қысқа күнде қырық құбылған ғаламдағы өзгерістерге лайықты жауап тауып, орнықты мемлекет болып қалу үшін не істеген абзал? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауында осы сұраққа бірнеше бағдар бойынша жауап берілген. Ел экономикасы өзін-өзі қамтамасыз ете алатындай жағдайға жету үшін мықты өнеркәсіптік негіз қалыптастыру қажеттігі, ол үшін өңдеу саласын дамытуға басымдық беру қажеттігі ең басты міндет ретінде алға тартылған. Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру қажеттігі міндеттелген.
Үкімет • 07 Қыркүйек, 2023
Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында билік пен бизнеске қатысты өткір мәселелерге тоқталып, еліміздегі құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын тоқтату қажеттігін мәлімдеді.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2023
Жыл сайын Сырдария арнасының арнасы төмендей беруі дүйім жұртты ойландырып жүрген мәселенің бастысы еді. Бұл әсіресе, аграрлық өңір саналатын Сыр бойы диқандарының арқасын аяздай қарып келді десек, ақиқаттың ауылынан алыстай қоймаспыз.