Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
4136 материал табылды

Саясат • 11 Маусым, 2026

Абай сыйлығы: іріктеу басталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Қазақстан Респуб­лика­сының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Өнер • 10 Маусым, 2026

Ұлттық музыкамен ұштасқан классика

Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт сахнасында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Жаңа әлем» атты концерті өтті. Аталған кеш ұлттық музыка мен әлемдік классиканы ұштастырғанымен ерекшеленді.

Экономика • 09 Маусым, 2026

Тақтатас мұнайы – жаңа энергетикалық дәуірге бастар жол

Жақында Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстандағы геологиялық барлау ісінің даму эволюциясы: инновациялар мен перспективалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Көрме • 09 Маусым, 2026

Таңбалы тас тағылымы

Елордадағы Ұлттық музейде «Таңбалы: Бабалар коды» халық­аралық көрмесі ашылды. Бұл жоба Таңбалы музей-қорығы мен фотосуретші Владислав Кимнің бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Театр • 09 Маусым, 2026

Ұлттық операның белесті шағы

«Астана Опера» театрының жарнамасында пайда болған жаңа туынды өнерсүйер жұртшылықты елең еткізген елеулі оқиғаға айналды. Ағайынды композиторлар Серікжан мен Әліби Әбдінұровтардың «Қыпшақ қызы Аппақ» операсының әлемдік тұсаукесері тәуелсіз қазақ елінің 35 жылдық шежірелі тарихында ұлттық опера репертуарын жаңа деңгейге көтерген, руханиятымызды байытқан ерекше мәдени қадам ретінде тарих парақтарына алтын әріптермен жазылды.

Зерде • 05 Маусым, 2026

Ақаң абыройы асқақтаған тарихи жиын

1926 жылы ақпанның ая­ғында Бакуде түркі рухы тоғысқан тарихи оқиға болды. «Біз қай жол­мен жүреміз?» деген өр­кениеттік сұрақтың жауа­бын іздеп, ерте көк­тем­нің алғашқы күнінде бас қосқан, бүгінде «Түр­кі құрылтайы», «1926 жылғы басқосу», «Алғаш­қы құрылтай», «Түрко­логиялық съезд» деген айрықша атауларға ие болған, сол кезде «Бүкіл­одақтық І түркологиялық съезд» деген атаумен та­рихқа енген, түркі әлемінің тіл, жазу, білім, мәдениет және ғылым саласындағы даму бағытын айқындаған, рухани-мәдени бағдарын белгілеген стратегиялық басқосу еді бұл. Биыл, міне, сол айтулы оқиғаға – 100 жыл!

Руханият • 05 Маусым, 2026

Кемелдік

Қабілет-бейімі ерте есейіп, он алты жасында орта мектепті, жиырма бірінде Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін ойдағыдай бітіріп шыққан сұңғақ бойлы, аққұба сүйріктей жас жігіт – Серікқали Байменше 70-жылдардың соңына таман Ақтөбе облыстық газетіне арнаулы жолдамамен қызметке келген.

Мәдениет • 05 Маусым, 2026

Өнердегі өшпес із

Биыл ән өнеріндегі тұлғалардың бірі – әнші, халық ­композиторы Байғабыл Жылқыбаевтың туғанына ­130 жыл. Ертіс-Баян өңірінің серісі, халық композитор­лары Ақан сері, Біржан сал, Естай, Майраның әндерін кейінгі ұрпаққа жеткізгендердің бірі.

Қазақстан • 04 Маусым, 2026

Парасатты қоғам – басты меже

Осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілген еді. Аталған стратегиялық құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында бірнеше ауқымды міндет көзделген. Соның ішіндегі ең басты бағыттардың бірі – қоғамда жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын орнықтыру. Атап айтқанда, бұл қадам әлеуметтік құндылықтарды жаңғырту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруды, мемлекеттік аппараттың парасаттылық қағидаттарын нығайтуды, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында әділдік пен отаншылдық қасиеттерді қалыптастыру шараларын толық қамтыды.

Зерде • 04 Маусым, 2026

Қиындыққа толы қиыр жол

Ел тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңес әскері құрамында майданға қатысып, кейін неміс тұтқынына түскен азаматтардың тағдыры. Ұзақ жыл бойы бұл тақырып жабық күйінде қалып, соғыс тұтқындарының көрген азабы мен кейінгі өмірі туралы ашық айтылмады, жазылмады.

Яндекс.Метрика