Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23535 материал табылды

Тарих • 03 Тамыз, 2023

Түрксіб қалай салынды?

Түрксіб деген атпен белгілі Түркістан мен Сібірді, яғни оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын теміржол жобасының идеясы 1896 жылы патша өкіметі кезінде туған. 1906 жылы Барнаул – Семей – Верный – Пішпек – Меркі – Луговой – Арыс теміржол құрылысына арнайы қаржы бөлінеді.

Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Алқапты қоқыстан тазартты

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Бөл, тапсыр, қайта өңде!» жобасы аясында сенбілік өткен еді. Сенбілікке қатысқан еріктілер 30 қаптан аса қоқыс жинаған.

Спорт • 03 Тамыз, 2023

Жазушы атындағы турнир

Талантты жазушы, елі­міз­дегі Андерсен атындағы халықаралық сыйлық­тың лауреаты Марат Қабанбай тірі бол­ғанда 75 жас­қа толар еді.

Өнер • 03 Тамыз, 2023

Балаларға арналған қойылым

Балаларға арналған хореографиялық қойылым қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – өскелең ұрпақтың гаджеттерге тәуелділігі тақырыбын қозғайды. Осындай күрделі тақырыпты режиссерлер мен автор қарапайым би тілімен жеткізген. Спектакльде көрсетілген­дей, шынайы өмірде де көптеген ата-ана заман ағымына еліктеп, баланың сәби кезінен бастап ұлттық құндылықтарға, тәлім-тәрбиеге қызығушылығын оятудың орнына, көңілін гаджет беріп табады. Бұл әрекетінің соңы немен аяқталуы мүмкін екені ойына да кіріп шықпайды.

Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Қолдары шипалы, жүректері мейірімді

Мен – жеті жастағы Әзиз Жамбылдың нағашы әжесімін. Біз Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданының Көктерек ауылында тұрамыз. Мен «Egemen Qazaqstan» газеті арқылы өзім мен жиенімнің анасы, яғни қызым Нұрлы Сейфоллақызының атынан Ақтөбедегі «Ана мен баланы қорғау» орталығының мамандарына алғысымды білдіргім келеді.

Өнер • 03 Тамыз, 2023

Халқына жақын тұлға еді

Қазақта біртуар деген сөз бар. Дана халқымыз оны ғасырда өмірге бір-ақ рет келетін ұл-қыздарына теліген. Осындай қазағымның өнердегі маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі – бармағынан күй саулаған, дәулескер күйші, композитор, қысқасы, бір басына Жаратушы өнерді үйіп-төгіп бере салған марқұм Нұрағаң виртуоз, күй мэтрі Нұрғиса Тілендиев ағамыз болатын.

Медицина • 02 Тамыз, 2023

Ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның қозғалуына мүмкіндік берді

Инновациялық ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның  сезімталдығы мен қозғалғыштығын ішінара қалпына келтірді.

Құрылтай • 02 Тамыз, 2023

Адалдық айқындалатын кезең

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ұлттық бренд, идеология, тарих, сана, мәдениет, тәрбие, жалпы ұлттық құндылықтар мен креативті индус­трия, саяси талдау, сараптау, шекаралас аймақтарды дамыту, мемлекеттік қызметкерлерді адалдық пен әділдікке жетелейтін қасиеттер мен істерге кеңінен тоқталды. Түсінгенге әділетті қоғам жайында терең мағыналы ой айтты.

Әлем • 02 Тамыз, 2023

Әлем жұртының әлеуметтік ахуалы

Қазір әлемде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық үдеріс­тер жедел дамып келеді. Уақыт шарттарына сәйкес, азаматтардан жағ­дайға тез бейімделу, технологияға ілесе отырып, креативті идея­лармен бір толқында жүру талап етіледі. Жалпы, халықтың әлеуметтік мобильдігіне әсер ететін негізгі факторларға білім, денсаулық сақтау, еңбек пен технологиялық дамудағы сапалы қыз­меттерге қол жеткізу мүмкіндіктері сынды көрсеткіштер жата­ды.

Қоғам • 02 Тамыз, 2023

Ұлт ынтымағы ұйысқан алаң

Елімізде кейінгі жылдары көптеген саяси өзгерістер мен жаңарулар орын алып жатыр. Бұның барлығы мемлекет ішіндегі ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерді шешуге, ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси бағдарын тиімді жолға қоюға бағытталып отыр. Соның арқасында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру үрдісі қарқын алып келеді.