
Спорт • 07 Тамыз, 2023
Алматыда ардагерлер арасында дзюдодан өткен ел чемпионатында балқаштық Өмірғали Мұхаметжанов чемпион атанды.
Қазақстан • 04 Тамыз, 2023
Әділдік жолы: Бағыт пен бағдар
2022 жылы мемлекетіміздің тарихи бетбұрыс жасағаны әмбеге аян. Сол кезде әділетті, шын мәніндегі Жаңа Қазақстанды құру идеясы туындады. Мемлекет пен қарапайым халық үшін аса маңызды бұл құжаттың бастауында – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тұр.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2023
Газ Қарағандыны ыстан құтқарады
Қарағанды жұртшылығы қыс түсе қаланы тұмшалайтын көк түтіннен арылатын шақ көп күттірмейді деп үміттенеді. Бүгіннің өзінде біраз көшеге газ келіп тұр. Ендігі шаруа тұрғындарға тікелей байланысты. Көшесіне жеткізілген газды үйіне тартып алу ғана қалып тұр. Осы тұста жергілікті биліктің де қамсыз қарап отырмағанын атап өтуіміз керек-ақ. Пайызсыз несие мен әлеуметтік көмек қарастырылып отыр. Кететін шығын есебін сұрасаңыз, шамамен бір үйдің 150,2 текше метр аумағын жылыту үшін 770 мың теңге көлемінде қаражат қажет.
Білім • 04 Тамыз, 2023
«IT-медицинаның» алғашқы түлектері
Қарағандыдағы «IT-медицина» инновациялық білім беру бағдарламасының алғашқы 38 түлегі диплом алды. Қолдарына жаңа диплом алған жас мамандар маңызды саланың, яғни ақпараттық технологиялар мен денсаулық сақтау жүйесінің байланыстырушы буыны болады.
Абай • 04 Тамыз, 2023
«Абайдың жұмбағының» шешуі қазіргі дүниеауи ғылымның барлық саласы үшін «жұмбақ» болып саналатын Хақ пен Бірлік, Әуелгі себеп, Әуелгі Қозғалыс, Мәңгілік (Бақи), Уақыт (Фәни), Кулли ақыл мен Кулли Жан, Сезімдік әлем, затиялық, субутиялық және фиғыли себеп сияқты тағы да басқа аса тылсым ұғымдардан және ол туралы тарқатыла тарамдалған сан қилы қисындардан тамыр тартады. Хасс әл-хасс дейгейлі даналардың ой ұшқындарына назар салсақ, зады Алланың Жаратуы мен Хикметін (міндетін) бөлісуі туралы оқымыстылардың арасында ілгері дәуірде әлдебір пікір сызаты болған сияқты. Сондай күрделі бақастыққа барған (пікір таласы, дискуссия) пікірдің ұшығы Абайдың шығармаларынан да аңғарылып қалады. Ол Хақ туралы қағидаларды ойында екшей келе, сырттай қарағанда Жаратушының хикметіне күмәндәнғандай күфірлік боп көрінетін: «Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білерге мүмкін болмайды. Біз Алла Тағала «Бір» дейміз, «Бар» дейміз, ол «Бір» демектік те – ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса, ол: «Бір» демектік те Алла Тағалаға лайықты келмейді» деген, немесе: «Жә, енді ақылды еркіне жібермесек, Құдай Тағаланың: «Ақылы бар кісіге иман парыз» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды(ға) оны ойлама дегенімізге, пенде бола ма (көне ме)? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады?» деген тосын сұрақтар қояды.
Әдебиет • 04 Тамыз, 2023
Ұстаз бен шәкірт ұсынған қолтаңба
Әңгіме жазушы кітабының оқырманына берілетін қолтаңбасы жөнінде өрілмек. Қасиетті кітап жөнінде ғұламалар – Мұхтар Әуезов: «Әрбір адамның ең жақсы досы, өмір досы – кітап болуға тиіс», Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», Әбіш Кекілбаев: «Кітап, кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты», деп өнегелі пайым қалдырған екен.
Спорт • 04 Тамыз, 2023
Тура бір жылдан кейін Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жалауы көтеріледі. Қазақ елі үшін бұдан бұрынғы олимпиадалар табыссыз өткен жоқ. Әсіресе Атланта мен Сиднейде көк туымыз көкке көп мәрте көтерілді. Тек мұның алдындағы Токио Олимпиадасында пандемияның салдары ма, жоқ дайындығымыз нашар болды ма, еңсеміз түсіп, елге 8 қоламен оралдық. Мұның аса нашар көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Сенаторлар Шығыс Қазақстан облысындағы аграрлық сала өкілдерімен кездесті. Депутаттар Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Аблакет ауылдық округінің Бестерек ауылында болды.
Экономика • 03 Тамыз, 2023
Сәтті сапар сапалы жолдан басталады
Қазақстанда жалпы ұзындығы 157 мың шақырымға жуық автожол бар болса, соның 25 мың шақырымы халықаралық және республикалық маңызға ие екен де, ал 70 мыңы облыстар мен аудандарды жалғайтын көрінеді. Бұған 62 мың шақырым көше жолдарын қосыңыз. Республикалық иеліктегі жолдардағы сапа деңгейінің нормативті көрсеткіші 89 пайызды құраса, жергілікті жолдардікі – 46% бен 85% аралығында.
Білім • 03 Тамыз, 2023
Сөйлеу мен жазудан жаңылған ұрпақ
«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген екен батыр Бауыржан. Сол ұлы қызметті атқарып келе жатқанымызға биыл – жиырма жыл. Бұл аралықта мектеп тіршілігінің біраз қызығы мен шыжығын көріп те үлгердік. Қаншама «жаңа бастамалардың» тәп-тәуір басталып, ақыры аяқсыз қалғанының да куәсіміз. Ұлттың өз болмысын, өз түр-сипатын, өз тағдыр жолын айқындайтын ұлттық білім ордаларын әлі де қалыптастыра алмай келе жатқанымыз да өкінішті.