Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24125 материал табылды

Үкімет • 12 Желтоқсан, 2023

Күн тәртібі бекітілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Үкімет • 12 Желтоқсан, 2023

Шаруадан бидай сатып алуға қаржы бөлінді

Ел Үкіметі шаруаларды қолдау бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Отандық аграрийлерден 4 және 5-класты және классыз бидай сатып алу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Зерде • 12 Желтоқсан, 2023

Талай тағдырды талқандаған «Тәркілеу»

Түркістан облыстық саяси тарих архивінен «тәркілеу» санаты бойынша кәмпескеге іліккен 85 байдың жеке парағы табылды. Тәркілеуге ұшы­рағандардың тізімін жасау барысында олардың жеке парақтары бір күнде, дәлірек айтқанда, 1928 жылғы 10 тамызда толтырылғандығын көрдік. Тізім «Конфискация туралы» декреттің 1 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған. Ақтал­маған 85 құрбанның 77-сі 1-топ­тағы байлар болса, сегізі 2-топтағы байлар.

Еңбек • 11 Желтоқсан, 2023

Ерен еңбегі ұмытылмаса екен

«Есімі ел жүрегінде сақталған ер бақытты» дейді дана хал­қымыз. Өнегелі өмірі көпке үлгі болатын, өлшеусіз еңбегімен, ақыл-парасатымен қалың жұртшылықтың құрметіне бөленген адамдар жергілікті жерлерде де аз емес. Алайда «олар лайықты ұлықталып жүр ме, өскелең ұрпақ біле ме?» деген сұрақ қойылса, мәдени, рухани салаларға жауапты басшылар мен мамандар не деп жауа­п берерін білмейді. Көбіне есімі бұрыннан белгілі батырлар мен мемлекеттік марапатқа ие болған тұлғаларды ұлықтап, өңірдің өркендеуіне үлес қосып, игілікті істерімен көш басынан көріне білген майталман еңбеккерлер көзден таса қалып жататыны өкінішті. Солардың бірі Шәмшия Кұлмұрзина апамыз – қай жағынан болсын мақтауға лайық жан.

Таным • 11 Желтоқсан, 2023

Ата (Эссе)

Ата дегенде «Ел бірлігі» деген тіліме оралады. Ел бірлігі үшін ата мен немере арасындағы сабақтастық жібі үзілмеуі керек. Ата мен немере арасында әке бар. Ел бірлігін қамтамасыз ететін үш тұлға: ата, әке, немере. Үш буын, оған сай үш құндылықтар жүйесі. Сабақтастық жібі үзілмеуі керек, егер үзіле қалса, оның қай жерден үзілгенін тауып жалғау парасаттылықты қажет етеді. Парасат иесі кім, әрине, ол – ата.

Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023

Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VII отырысы өтті

Қазақстан астанасында бұрынғы үкімет және мемлекет басшылары, әлемдік талдау орталықтарының жетекшілері сияқты беделді сарапшылардың басын қосқан халықаралық пікірталас алаңы - Астана клубының жетінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 11 Желтоқсан, 2023

Өскеменде сенаторлар экология мәселесін талқылады

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өскемен қаласында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның үшінші отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 11 Желтоқсан, 2023

Алматыда дипломаттар доп тепті

9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің бастамасымен Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан дипломатиялық турнир ұйымдастырылды. Жарыс «Қайрат» футзал клубының аренасында өтті, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 11 Желтоқсан, 2023

Инвестор тартудың тетіктері

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуал­ды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Пікір • 10 Желтоқсан, 2023

Құндылықтар – ұлт қорғаны

Екінші ұстаз Әл-Фарабидің «Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» деген тағылымды сөзі бар. Заман ауысып, технология алға озған сайын жас ұрпақ руханият пен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтардан, өмір салтымыздан алыстап барады. Себебі біз олардың күнделікті тіршілігін, айналасын, тұтынатын контентін төл руханиятымызбен сабақтай алмай отырмыз.