
Қоғам • 01 Қазан, 2023
Абай облысының аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерді кеңінен талқылады. Өңірге келген Мәжіліс депутаты, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов аймақ басшылары және ардагерлермен арнайы кездесті.
Ғылым • 01 Қазан, 2023
Қазір Түркістан қаласындағы 1500-ге жуық бала мен жасөспірім Оқушылар сарайы – ЮНЕСКО клубындағы 6 білім беру бағыты бойынша ұйымдастырыл-ған 60-қа жуық үйірмеде қосымша білім алып жүр. Соның ішінде ғарыштық технологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін еліміздегі жалғыз спутниктік роботтехника үйірмесі – «UniSat» білім беру хабының орны айрықша.
Форум • 01 Қазан, 2023
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары елордада бас қосады
Қазір Астанада Съездің ХХІ хатшылығына дайындық жүріп жатыр. 11 қазанда Қазақстанның бас шаһарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм сияқты әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері Ұлыбритания, АҚШ, Ватикан, Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан сынды 24 елден қатысады.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Ердің абыройы еңбегінен көрінер
Еліміздегі елеулі мерекелердің бірі – Еңбек күні. Нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мерекеде ғұмырын елге қызмет ететін салаға сарп еткен маңдайтер иелерін тілге тиек етеміз.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Танымал ғалым, ұлағатты ұстаз еді
Гүлнапис Орынбасарқызы кәсіби әлеуметтанушы, қажырлы ғалым, шебер тәлімгер, өнегелі ұстаз еді. Ол кісіге қатысты осындай анықтауышты жалғастыра беруге болады. Себебі өзінің қарапайым азаматтық тұлғасымен, байсалды да бірқалыпты мінезімен, терең білімі мен білігімен қандай мадаққа болсын лайықты еді.
Зерде • 29 Қыркүйек, 2023
Мағжанның қайраткерлігін айқындайтын құжат
Мағжан Жұмабайдың күрделі кезеңдегі саяси қайраткерлігін дәлелдейтін деректің бірі – 1918 жылы Петропавл уездік ІІ төтенше жиналысына қатысқаны туралы құжат.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Аудандық ардагерлер кеңесінің төңірегінде мықты, белсенді қариялар топтасқан. Бәрі ақы-пұлсыз, уақытпен санаспай, ел бірлігі, қоғам тыныштығы үшін үнемі шапқылап жүргені. Солардың арасынан Серік Балабеков туралы бөле-жара айтқым келіп отыр. Серіктің өзі маған туабітті қоғамдық жұмыспен айналысып жүрген азамат сияқты болып көрінеді.
Мереке • 29 Қыркүйек, 2023
Қамкөңіл қарттарға қарайласайық
Қарттар күні – аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп. Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету – аға буынға көрсеткен парызымыздың аз ғана бөлігі. Осы орайда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі жылдағы дәстүрі бойынша «Қарттарға қамқорлық» акциясын ұйымдастырып отыр.
Пікір • 29 Қыркүйек, 2023
Жастар – ел болашағы. Осы орайда елімізде өскелең ұрпақтың игілігіне жасалып жатқан іс-шаралар көңіл қуантады.
Пікір • 29 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы ел экономикасын ілгерілетуде ауыл-аймақты дамытуға ерекше ден қойып отыр. Бұл бағытта да Үкіметке «Ауыл аманаты» жобасын ары қарай жандандыру туралы нақты тапсырмалар жүктеді.