Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
4135 материал табылды

Қазақстан • 12 Маусым, 2026

Тарих және өркениет: Алтын Орда өнегесі

Таяуда Астана  төрінде өткен ха­лықаралық «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты симпозиум байырғы Ұлы дала елі мен бүгінгі Еуразия кеңістігі мемлекеттерінің сан ғасырлық тарихын, ықпалдастығын, елдік даму жолын, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени институттарын, ұлысаралық сауда мен байланыс жүйелерін, бай рухани мұрасын, сондай-ақ өткен мен бүгіннің арасындағы жасампаздық, өркениеттілік сабақтастығын зерделеуге мол мүмкіндік туғызды. Шынында да отандық, өңірлік, әлемдік тарихтанудың, елтанудың бетбұрыс кезеңін анықтаған бұл ғылыми жиын жаңа пәнаралық жобалардың жүзеге асуына игі әсер етеді деп сенеміз. Осы симпозиумға жаһандық ынтымақтастық пен жауапкершілік туралы жүйелі идея көтеріп жүрген Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың арнайы қатысып, байсалды баяндама жасауы ғылыми-интеллектуалдық  шараның биік те сарабдал деңгейін көрсетті. «Тарих халықтардың арасын жалғайтын алтын көпір ретінде әділетті әрі қауіпсіз әлем құруға ықпал етуі қажет. Сол үшін ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, бірлесе әрекет етуіміз керек. Бұл мәселеде ғылыми қауымдастық айрықша рөл атқаратыны анық» деді Мемлекет басшысы. Төменде Тарихшылардың ұлттық конгресі мен  «Қазақ газеттері» серіктестігі бірлесіп ұйым­дастырған Алтын Орда  (Жошы ұлысы) тағылымына қатысты дөңгелек үстел материал­дарын ұсынып отырмыз. Іс-шараға белгілі отандық және таяу шетел ғалымдары қатысты. 

Саясат • 12 Маусым, 2026

ШЫҰ: Жаңа белес пен зор мүмкіндіктер

Дүние дидарында диалог қай кезде де бәтуаластыққа жол бастайтын ең басты құндылық саналады. Елдердің бірлік пен бітімгершілік жолында өзара құлақ асуы және дәуір сұраныстарына сай тізе қосып жауап әзірлеуі халықаралық жүйенің орнықтылығын айқындай түседі. Әсіресе өзгерістер мен дағдарыстар тұсында мұндай бірлескен қадамдардың маңызы зор. Осы ретте қазіргі әлемде мемлекеттер арасындағы өзара сенімге селкеу түсуін диалогтің уақыт өткен сайын тапшы «ресурсқа» айналып бара жатқанының салдары дер едік.

Инвестиция • 12 Маусым, 2026

Alatau City және инвестициялық жоспар

Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін, сондай-ақ қаржы, технология және инновация салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Саясат • 12 Маусым, 2026

Қанатқақты жобаларды пысықтады

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин канадалық TELUS Agriculture компаниясының басшылығымен кездесті. Тараптар еліміздің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) цифрландыруға халықаралық ЖИ көшбасшыларын тарту, өнімділікті арттыру үшін жасанды интеллект енгізу, сондай-ақ секторды цифрлық трансформациялаудың жол картасын бірлесіп әзірлеу мәселесін талқылады.

Зерде • 11 Маусым, 2026

Асфендияровтың ұрпағы

Сәуір айында жұбайым екеуміз Ташкент қала­сына бардық. Негізгі мақсатымыз – халқымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, еуропалық білім алған алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірегейі, тарихшы ғалым Санжар Асфендияровтың жиені Софья Темірбайқызымен кездесіп, сұхбаттасу еді.

Қоғам • 11 Маусым, 2026

Бір мақсат, бір мүдде

Адамзат тарихында уақыттың тезіне төтеп берген құндылықтар көп емес. Мемлекеттер өзгерді, қоғамдық формациялар алмасты, технологиялар жаңарды. Бірақ адамзаттың жинаған білімі мен тәжірибесін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған институттардың бірі – кітапхана.

Ипотека • 11 Маусым, 2026

Студентке ипотека беріле ме?

Студент кезде ипотекамен үй алу мүмкін еместей көрінетіні рас. Алайда тұрғын үй нары­ғында жастарға арналған мүмкіндіктің көбеюі бұл көзқарасты біртіндеп өзгертіп келеді. Бүгінде жоғары оқу орнында білім алып жүрген студенттер де белгілі талап­тарға сай келсе, ипотека рәсімдеп, баспана бақытын сезіне алады.

Экономика • 11 Маусым, 2026

Alatau City – инвесторлар назарында

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған делегация Шэньчжэнь қаласында (ҚХР) Alatau City-дің инвес­тициялық әлеуетін таныстырды.

Саясат • 11 Маусым, 2026

Сауд Арабиясымен серіктестік нығаяды

Премьер-министр Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысуға келген Сауд Арабиясы Корольдігінің Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесу өткізді.

Саясат • 11 Маусым, 2026

Абай сыйлығы: іріктеу басталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Қазақстан Респуб­лика­сының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Яндекс.Метрика