Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23499 материал табылды

Жәдігер • 13 Желтоқсан, 2023

Төле биден жеткен тәбәрік

Қиын да күрделі XVIІІ ғасырда ақылымен, әділдігімен, кең­дігімен досты да, дұшпанды да мойындатқан Төле би халқымыздың ынтымағын арттыруға, Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай және басқа да хандармен, Қаздауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге қазақ мемлекетін нығайтуға ерекше үлес қосты. Көптеген жоңғар билеушілерімен, Ресей және Цин империясы өкілдерімен кездесіп, дипломатиялық келіссөздер жүргізіп, достық қарым-қатынасты сақтап қалуға әрекет жасаған тарихи тұлға.

Спорт • 13 Желтоқсан, 2023

Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында турнир өтті

Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілі Әділхан Өмірзақов, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Спорт • 13 Желтоқсан, 2023

Қоян-қолтық ұрыс спортынан жеңімпаздар анықталды

ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионаты мен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қорғаныс министрінің кубогы үшін Қазақстан күштік құрылымдарының 16 құрама командасы күш сынасты. 

Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023

Динара Құлыбаева: Білім беру жүйеміздің бірегей қолтаңбасы бар

Отандық білім ордаларының арасында 25 жылдан бері өзіндік орнын алып,    балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейін бірегей оқыту моделін құрған «NNEF» қоғамдық қорына қарасты білім беру мекемелерінің  өкілдері Алматыда өткен іс-шарада бас қосты.

Шаруашылық • 13 Желтоқсан, 2023

Аграрлық орталыққа айналамыз десек...

Президент Қ.Тоқаев биылғы Жол­дауын­­да елдің экономи­калық дамуы­на ба­сым­дық беріп, оның ішінде инвес­­ти­­­ция көлемін арттыру, мемле­кет­тік тап­­сырыс жүйесін ретке келті­ру, кор­по­р­а­тивті секторға несие беру мәсе­ле­ле­рін шешу, отан­дық аграр­лық саланы дамытуды қолға алуды тапсырған еді.

Сараптама • 13 Желтоқсан, 2023

Балаларға арналған контент қалай талданады?

COVID-19 пандемиясы қоғамның көп саласына әсер еткені секілді балалардың медианы тұтыну үлгілеріне де біраз ықпалын тигізгені сөзсіз. Сол себепті 2020 жылдан кейін әлемде осы саладағы зерттеулер көбейген.

Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023

Тіл парасатының профессоры

«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі», деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұстаз – ұлы есім, кемел тұлға. Дала қоңырауы атанған Ыбырай атамыздың салған сара жолын жалғастырып, ғылымды меңгеріп, дарынды шәкірт тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ұстаздар қаншама. Солардың бірі – талай жанның шырағын жағып, саналы ғұмырын сапалы білім беруге арнап келе жатқан Нұрсұлу Шаймерденова.

Руханият • 12 Желтоқсан, 2023

Сөз қорының еңбекторысы

Қазақ тіл білімінде «лексика» ұғымын анықтап, лексикология ғылымын негіздеген, оның дамуына, қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан бірегей ғалым Әсет Болғанбаев екенін көпшілік жақсы біледі. Қазақ тіл білімінің лексикология саласындағы қол жеткізген жетістіктері мен ғылыми ой-тұжырымдары ғалым есімімен тікелей байланысты.

Зерде • 12 Желтоқсан, 2023

Бейбіт күннің батыры

Бейсетай Дәуренбековтің Іле өзеніне батқан 12 оқушыны құтқарған оқиғаға жарты ғасыр өтіпті... Даңқты батырымызбен 2014 жылдың күзінде «Қазақстан» телеарнасының түсірілімі («Жаныңда жүр жақсы адам») барысында танысқанбыз. Сұңғақ бойлы, шымыр денелі, ширақ жүрісті салиқалы ақсақалдың сол тұста 77 жасқа бет бұрған шағы. «От ішінде туған оттан қорықпайды» дегендей, Бейсетай Дәуренбековтің теңдессіз ерлігін оның арнасы адуынды Іленің жағасында туып-өскеніне балауға да болатын шығар?

Спорт • 12 Желтоқсан, 2023

Көтерген кірдің тасын...

Ұлы Абайдың «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген сөзінің мағынасы спорт әлеміне де қатысы бардай көрінеді бізге. Спорттың қаншама түрінен жеңімпаз болған жастарды айтпағанда, орта жасқа келген шағында чемпиондық дәрежеге көтерілгендер бар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де солай. Пауэрлифтинг спортынан төрт дүркін Азия, бір мәрте Еуропа, екі мәрте әлем чемпионы болған азамат.