
Аңдатпа • 14 Қараша, 2024
24 қараша - «Келіндер көтерілісі» Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы ұсынылады. Аударған – А.Сүлейменов. Режиссері – У.Қарыпбаев.
Басылым • 14 Қараша, 2024
Жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Sardar G» баспасынан жуырда жарық көрген «Ғажайып шақ» атты жинағынан оқырмандар мектеп оқушыларының тыныс-тіршілігін арқау еткен шағын хикаяттар, мөлтек әңгімелермен таныса алады.
Кино • 14 Қараша, 2024
Қазақстандық фильм Францияда арнайы жүлдеге ие болды
Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» фильмі Франциядағы «Cinema Heritage» фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.
Егемен Қазақстан • 14 Қараша, 2024
Мемлекеттік тілдің мерейін асырайық Қазақ халқының батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай деңгейде екенін білдіріп тұратын көрсеткіші» деп дәл тауып айтқан ғой. Елімізде қазақ тілін тұғырына қондыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді дегенімізбен, батпандап кіргеннің мысқалдап шығатынын да қаперде ұстаған жөн. Қазірдің өзінде қазақтардың саны бүкіл республика халқының 70 пайызынан асты. Осылайша, мемлекеттік тіліміз эволюциялық жолмен-ақ бірте-бірте өз биігіне табан тірейтіні күмән туғызбаса керек.
Аңдатпа • 13 Қараша, 2024
20 қараша - «Абай – Тоғжан» Музыкалық жас көрермен театрының Түркістан облысына гастрольдік сапары аясында М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы ұсынылады. Инсценировка авторы – М.Әбіл. Режиссері – А.Маемиров.
Спорт • 13 Қараша, 2024
Жақында Астанадағы «Аризона» бильярд клубында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған бильярд ойынынан турнир ұйымдастырылды.
Оқиға • 12 Қараша, 2024
Майбұлақ өңірі ежелден қырмызы қызғалдағымен, жауқазын жайнаған дархан даласымен көздің жауын алады. Әсіресе сәуір-мамыр айларында қойы қоздап, сиыры бұзаулап, жылқысы құлындаған шақтағы қызығы өз алдына бөлек. Мамыр-маусым айларында таңмен таласа биікке көтерілген бозторғайлар мен ақбауыр торғайлар тамылжыта түрлі әуенге салып сайрағанда аядай ғана Майбұлақ ауылының тіршілігі басталады. Ол кезде Майбұлақта 30-40 қана тұрғын тұратын. Бәрі бір ағайынның балаларындай ынтымақты еді.
Саясат • 12 Қараша, 2024
Білім және медицина саласы қызметкерлерімен кездесті
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Президент қойған міндеттер аясында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге кеңестер өткізілді.
Үкімет • 12 Қараша, 2024
Әскери ынтымақтастық туралы заң қаралады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтті. Онда депутаттар 14 қарашада өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және палатаның осы аптадағы іс-шаралар жоспарын пысықтады.
Аңдатпа • 12 Қараша, 2024
18 қараша - «Гауһартас» Музыкалық жас көрермен театрының Түркістан облысына гастрольдік сапары аясында Д.Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасы ұсынылады. Режиссері – А.Маемиров.