
Үш кезеңнен тұратын «Central Asia DriftShow – 2025» (CADS) жарысының шешуші айналымына Қазақстанмен бірге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Грузия, Индонезия, Қытай, Польша, Ресей және Беларусьтен келген кәсіби дрифтшілер сайысқа түсті. Қатысушылар санының артуы мен географиясының кеңеюі бұл жобаның көлік спортымен қатар, тұтастай бір аймақтың ішкі туризмін дамытуға серпін беріп отырғанын аңғартады.
«CADS-ті» — тек техникалық шеберлік пен адреналинге толы жарыс деп қарамай, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, тікелей эфирімен жаңа буынды баураған алаңға айналып отыр. Сондай-ақ, автоқозғалыс мәдениеті мен жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған бюджеттен тыс әлеуметтік маңызды жоба деуге толық негіз бар.
Жеке инвестиция есебінен бой көтерген «ASP» арена — көрермендерге жайлы трибуналармен қатар, симуляторлар мен картинг алаңдары, демалыс және тамақтану аймақтары қарастырылған. Ең бастысы — экстрим алаңдарындағы қатысушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген.
Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ,
Автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы