Ұстаз • 19 Қыркүйек, 2023
Филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Тапанова еңбек жолын облыстық «Жезқазған туы» газетінде корректор қызметінен бастаған. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі қызметінің қыр-сырын меңгеріп, лайықты құрметке ие болды. Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры қызметіне қабылданады. Жоғары оқу орнында сонау 1975 жылдан бергі уақытта ұстаз-ғалымның жарық көрген оннан аса ғылыми еңбегі болашақ мамандардың игілігіне қызмет етіп келеді.
Тарих • 19 Қыркүйек, 2023
Кімнің қанша жыл өмір сүру мүмкіндігі жаратушының қолында ғой. «Тіршілігіңде не жасадың?» деген жалғыз сұраққа қайтарған жауабына қарай бақилық болған кісіге қажетті шешім қабылданатын көрінеді. Осынау сауалға Жасболат аға қалай жауап қайтарды екен? Жасболат Нұрмұхамбетовтің жетпіс төрт жылғы өмірінің мәнді, тірлігінің сәнді болғанын оның замандастары да, ізін басқан әріптестері де айтады. Өйткені ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді емес пе. Жасекең жақсылардың санатынан еді.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2023
Бейбітшілік аясындағы жаһандық қозғалыс
Өткен аптада Израильдің беделді басылымы – «The Jerusalem Post»-қа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Religious leaders can help bring about world peace – opinion» атты мақаласы жарияланды. Мақалада халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыс пен белгісіздік кезеңін бастан өткеріп жатқан бүгінгідей геосаяси жағдайда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты іргелі мәселелер көтерілген.
Пікір • 19 Қыркүйек, 2023
Түбегейлі өзгерістерге жол сілтейтін құжат
Әдетте халыққа Жолдау ұзақмерзімді тақырыпқа арналады да, онда қойылған мақсаттар абстракт терминдермен, әдемі сөздермен, асқақ мұраттармен көмкеріледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауында мұндай болған жоқ. Меніңше, осы ел басшысының бұл жолғы үндеуінде прагматизм, шынайылық және өршіл мақсат айқын аңғарылады. Жетістіктер атап көрсетілді. Кемшіліктер де назардан тыс қалмады. Ұзақмерзімді мақсаттардың орнына қысқа және орта мерзімдегі өлшенетін міндеттерге басымдық берілді.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2023
Уақыт дейтін қатал, қатыгез, қаһарлы сыншының тезінен сүрінбей өту – суреткер үшін үлкен сын, үлкен бақыт. Бұл – азабы мен мехнаты мол, қиындығы мен қиянаты жетіп артылатын ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндердің жемісі. Ары мен бары, қуанышы мен зары, нұры мен сыры сынға түскен айлардың, жылдардың көрінісі.
Тәрбие • 17 Қыркүйек, 2023
Қоғамда аста-төк ысырапшылдық белең алып барады. Бұл бүгінгі жастардың немесе көзқарасы бекімеген балалардың өмірлік ұстанымына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Кез келген нәрсенің сұрауы бар. Сондықтан әр отбасында үнемділікке мән берілуі керек.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2023
Сапалы маман даярлау жауапкершілігі
Жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жаңа Жолдауында мұны ерекше айтты.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2023
Әділетті Қазақстанға – құқықтық көзқарас
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында елді саяси, экономикалық және әлеуметтік дамытудың кешенді «жол картасын» ұсынды. Құқықтық тұрғыдан алғанда, Президент Тоқаев ұсынған реформалар мен бастамалар оң өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар әділдік, заң үстемдігі және азаматтардың ел басқару ісіне белсене араласуын көрсетеді.
Сайлау • 15 Қыркүйек, 2023
Елімізде өткен барша сайлаудың сабағы бар. Осыған дейін бұрмалаушылыққа жол бергені үшін қай сайлау комиссиясы мүшесі жазаға тартылды? Жоқ. Сонда халық сынынан қорытынды шығарылған жоқ па?
Құқық • 15 Қыркүйек, 2023
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемнің көптеген елі секілді біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.