Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3034 материал табылды

Қоғам • 23 Шілде, 2021

Қазақты сүйген жүрекпен...

Қауылжыр ауылының тұрғыны Елена Жылбаеваның әр ісі халқымыздың байырғы салт-дәстүрін бойына сіңірген, ақ жаулықты аналарымызбен тең түседі деуге болады. Мойнына «Алтын алқа» таққан көпбалалы ананың ел асып келіп, қазақы ауылдың тірлігіне сіңісуінің өзі бір бөлек әңгіме.

Білім • 22 Шілде, 2021

Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтарда

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетін­де барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жан­­дардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз», деп Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев айтқандай, біздің алдымызда бабаларының игі дәс­түрін сақтайтын, күллі әлем­ге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Отан­шылдық сезім – ұлт рухы деңгейінің айнасы, өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен емес, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да сан ғасыр­­лар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне ен­гізу арқылы ұлттың тұнып тұрған рухани байлығымен өскелең ұрпақты сусындату – басты парызымыз.

Тәуелсіздік • 19 Шілде, 2021

«Қайырымды істер марафоны» жалғасып жатыр

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Биыл «Қайырымды істер марафоны» аясында республикалық және қалалық деңгейде барлығы 953 іс-шара жос­парланып отырса, оның екеуі республикалық, 436-ы қалалық, 549-ы аудандық деңгейде өтеді.

Сайлау • 19 Шілде, 2021

Өзімізге тән демократиялық ұстанымды білдірейік

Алдағы әкімдер сайлауының елімізді саяси жаңғырту, саяси реформалар бағытын жалғастыру тұрғысынан маңызы зор. Осы ауқымды іс-шараны өткізудің құқықтық негізі де дайын.

Экология • 16 Шілде, 2021

Бұқар бұғылары

Іле-Балқаш резерватында бұқар бұғыларының кезекті легі табиғат аясына жіберілді. Қазір қырда ойнақтаған осынау жануарлардың қарасы әжептәуір көбейіп қалды.

Қоғам • 16 Шілде, 2021

Тәлімгер генерал

Өткен жылы әлемді жайлаған қауіпті індетке қарсы күреске еліміздегі мемлекеттік органдармен бірге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де белсене атсалысты. Осы қауіпті де жауапты істің басы-қасында жүрген сардардың бірі – Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов еді...

Саясат • 16 Шілде, 2021

Саяси өмірдегі соны серпін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрі­нен қымбат» бағдарламалық мақа­ла­сын­да ауыл әкімдерін сайлау сала­сын­дағы саяси реформа халық пен өңір­лер­дегі жергілікті атқарушы органдардың өзек­ті мәселелерді бірлесіп шешуі үшін қа­жет екенін мәлімдеді. Еліміздің өкілеттік мер­зімі аяқталатын 730 ауыл әкімін сай­лау биылғы 25 шілдеге белгіленді.

Өнер • 15 Шілде, 2021

Эпикалық театр: Сана белсенділігі

Әуезов театры биылғы қысқа маусымында әлемнің Шекспир мен Чеховтан кейінгі ең күрделі әрі қайшылықты авторының бірі – Бертольд Брехтің «Есірген шешей және оның балалары»атты пьесасының желісі бойынша «Пері қатын» қойылымын сахналады.

Қазақстан • 15 Шілде, 2021

Ғылымға арналған ғұмыр

«Дандай Ысқақұлы жетпіс бес жасқа келіпті» деген хабарды естіп, қайран қалмасыма болмады. Табаны жерге тимей, зуылдап өтіп жатқан заман. Әдебиеттану ғылымына өткен ғасырдың сонау жетпісінші жылдары келіп араласқан ізденуші жас ғалымның ә дегеннен-ақ қазақ әдебиеттану ғылымындағы өз тақырыбын, өз орнын шапшаң иеленіп үлгергені кеше ғана сияқты еді. Жылдар жылжи келе, ғалым осы саланың сарабдал, салиқалы маманы болып қалыптасты. Оған Д.Ысқақұлының ғылыми өмірбаяны куә. Оның ғылыми шығармашылық жолына көз жүгірткен күннің өзінде еріксіз құрғақ тізімді келтіріп, шолу жасауға тура келеді.

Қазақстан • 15 Шілде, 2021

Асқақ мұраты орындалған қайраткер

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында егемен ел атанып, жаңа мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі тағдыршешті тарихи қадамдарды бөлісе отырып, халық игілігі жолында бірлесе жұмыс атқаратын қажетті мамандардың тапшы болғанын айтады.