Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында осы аптаның басты оқиғасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясының жалпы пікірсайыстарына қатысты. Президент өз сөзінде халықаралық институттарға негізделген жаһандық басқарудың қолданыстағы жүйесін тұрақтандыру үшін диалог пен дипломатияның маңызын атап өтті.
Басылым • 20 Қыркүйек, 2023
БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзаттың ғасырлық болашағын айқындауға баса мән беруі керек
Біріккен Ұлттар Ұйымы осыдан 78 жыл бұрын құрылғаннан бері БҰҰ Бас Ассамблеясы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін әлемдегі ең ықпалды көшбасшылардың басын қосып келеді. Жыл сайын бұл саммитке жиналатын аттөбеліндей азаматтардың мойнына орасан зор жауапкершілік артылады. Сондай-ақ жиында, бір қарағанда, елеусіз болып көрінетін, ал шын мәнінде миллиардтаған халықтың тағдырын өзгерте алатын шешімдер қабылданады.
Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Президенттің Жолдауында көңілге бірден қона кеткен мәселелерге тоқталар болсам, ең алдымен ауыл-аймақты дамыту мақсатында қолға алынғалы отырған бастамалар ұнады. Оның ішінде жергілікті биліктің әлеуетін арттырып, өз проблемаларын өздері жедел шешетіндей бюджет қарастыру жөніндегі тұжырымы – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.
Тұлға • 20 Қыркүйек, 2023
Қазақ әдебиеті десе, ең бірінші еске түсетін алыптар шоғыры бар. ХХ ғасырдың басында халқымыздың проза мен драматургиясын дамытып, биік белеске көтерген Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсіреповтей ұлы классиктердің көзін көріп, соңынан ерген үркердей топтың ішінде есім-сойы ерекше аталатын, талғамы биік туындыгердің бірі – Әкім Үртайұлы Тарази. Сол бір күрескер, кіл суреткер топ қазақ әдебиетінде «бес тапал» деген атаумен аңызға айналды. Олар – Сайын Мұратбеков, Қабдеш Жұмаділов, Қалихан Ысқақ, Рамазан Тоқтаров сынды классик жазушылар еді. Оның алғы шебінде талғамы таудай Тарази тұр.
Егемен Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2023
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Өскеменде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділовті еске алуға арналған мемлекеттік қызмет, еңбек және спорт ардагерлері арасындағы ХХХ халықаралық бильярд турнирі мәресіне жетті.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2023
Нұрғиса Тілендиев атындағы дирижерлер конкурсы басталды
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер конкурсы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Реформа Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің санын арттырады - Ғазиз Әбішев
Президент Нью-Йорк қаласына сапарында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен Жалпы дебатқа қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық құқықтық құжаттардың тәртібін сақтамау, тоқтатып қою және оны тәрк ету тәжірибесі өте алаңдатарлық жағдай екенін айтты. Бұл ретте ядролық қарудан бас тартудан бастап халықаралық қылмыстық сот төрелігіне дейінгі құжаттар туралы сөз етуге болады. Бұл дамушы державалар үшін ғана емес, батыс әлемінің көшбасшылары үшін де алаңдатарлық жағдай.
Президент • 20 Қыркүйек, 2023
Орталық Азия – АҚШ саммиті: Бейбітшілік пен тұрақтылық мәселесі талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты.