
Абай • 04 Маусым, 2023
Ұлы Абайдың өмірбаянын зерттеп, толықтырып жазу жұмысы жетер өрісіне жетіп болмағаны белгілі. Осы жылы ерекше көңіл бөліп, кейінгі зерттеушілердің есіне салып өтер бір жайт – ақынның үйіне жүргізілген тінту.
Тұлға • 01 Маусым, 2023
Кей кезде алдымызда жүрген абзал ағаларды ойлағанда «Жүрген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» деген өлең жолдары еске түседі. Осындай зиялы ағаның бірі – Көпжасар Нәрібайұлы еді.
Қоғам • 01 Маусым, 2023
Жағымсыз әдет – жанға түскен дерт
«Адам – ақылымен қымбатты, ұрпағымен сымбатты» деген сөз бар. Біз келешегінен үміт күтіп отырған жас ұрпақтың басым бөлігі бүгінде рухани тұрғыда жұтаңданып, бос іс пен арзан күлкіге көп әуестенеді. Соның бір мысалы ретінде олардың әлеуметтік желілерді дұрыс қолданбауын, оның пайдасыз, зиянды жақтарына көбірек бой алдырып жататынын айтуға болады.
Зерде • 01 Маусым, 2023
Ана тілінің басынан қашан қиқу кеткен? Ана тілінің басына бодандық қамытын киген сәттен бұлт үйіріле кетеді. Ана тілі тәуелсіздікке ұмтылған сәттен оның басына үйірілген бұлт қоюлана түседі, қарлы жаңбыр болып төніп, аяғы боранға ұласып аяздай қариды. Өйткені Ана тілі – сол ұлттың, сол ұлыстың ұлы рухы, жаны мен ары.
Тарих • 31 Мамыр, 2023
Жазықсыз жазаланған Қабдолла ақсақалдың қилы тағдыры
Сталиндік қанқұйлы қуғын-сүргін туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Арада қанша уақыт өтіп, неше ұрпақ алмасса да, қанды іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Ел жадынан өшпек емес. Халқымызды қынадай қырған зұлмат заманның табы Жалтыр ауылын да айналып өткен жоқ. Қаншама қарапайым адам нақақтан-нақақ күйіп кеткенін үлкендер айтып отыратын.
Тарих • 31 Мамыр, 2023
Халық басына түскен қасіретті нәубеттің ең орасаны өткен ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін еді. Осы кезеңде ойдан шығарылған жалған айыппен ұлт кадрларына да қара семсер сілтелді. Зұлмат жылдардағы сұрқия саясаттың кесірінен зардап шеккендердің бірі қазіргі Жақсы ауданының Алғабас елді мекенінде 1903 жылы дүниеге келген Нұрғали Нұрсейітұлы болатын.
Таным • 31 Мамыр, 2023
Халықтан сүйіншілейтін жаңалыққа кенеліп отырмыз. Мәскеу архивтерінің бірінен алашордашы Жаһанша Досмұхамедұлының 1910 жылы жазылған дипломдық жұмысы табылды. Аталған еңбек «Қазақтың әдет заңының негізгі ұйғарымдары және оларды жүзеге асырушы орган ретіндегі халық соты» деп аталады. Құнды қазынаны шаң басқан архивтен аршып алып, қазағымен қауыштырған – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымы, PhD, Мұхтар Исаев. Бұл ретте зерттеушінің ғылымдағы елеулі табысына алғыс білдіре отырып, мақаласын оқырман назарына ұсынамыз. Редакция
Зерде • 31 Мамыр, 2023
Мал бағумен күнелтіп отырған көшпелі және жартылай көшпелі халықты күштеп отырықшылыққа көшіру саясаты қазақ ауылына аса қатты соққы болды. Бұл ежелден қалыптасқан шаруашылықты біржола қиратты. 1920-1930 жылдары көшпелі шаруашылық елдегі басқа аудандардың экономикасымен ауқымдаса отырып, табиғи шама-шарқын әлі де болса сарқа қойған жоқ еді. Сол кездегі индустриясы дамымаған, өндіргіш күштері әлсіз Қазақстан сияқты табиғи-географиялық ортада көшпелі мал шаруашылығы тиімді болатын. Өйткені жайылымды мал шаруашылығы қазақтың кең-байтақ даласындағы шөлді және шөлейт жерлерді тиімді әдіспен игеріп, соншама кеңістікті өзінің әлеуметтік болмысына қызмет еттіруге бейімдеп, табиғатпен сіңісіп кетудің бірден-бір тәсілі еді.
Тарих • 31 Мамыр, 2023
Қарлаг: Дін өкілдерін қалай қорлады?
Қарлаг еңбекпен түзеу лагері КСРО Халық комиссарлары кеңесінің 1930 жылғы мамырдағы қаулысы бойынша ашылды. Келесі жылы, 1931 жылдың 19 желтоқсанында Қарағанды еңбекпен түзеу лагері қайта құрылып, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка кенті болып бекітілді. Оған 120 мың гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді.
Саясат • 30 Мамыр, 2023
Сенім – кез келген қарым-қатынастағы басты фактордың бірі. Сенімге селкеу түссе адамдар арасындағы, азамат пен үкімет, тұтынушы мен бизнестің байланысы күрделене бермек. Бұл мәселені өзекті десек, оны зерттеудің де маңызы үлкен.