Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3068 материал табылды

Таным • 07 Маусым, 2023

«Арқада бір өзенді дер Обаған...»

Обаған – Қостанай өңірінің оңтүстігіндегі Шолақсай маңындағы далалық алқаптан бастау алып, солтүстіктегі Тобыл өзеніне құятын, ұзындығы 370 шақырымнан асатын өзен. Ол өзінің ағыс жолында Құсмұрынға құйып, Қарақамыс, Теңіз сынды бірнеше ірі көлді жағалай келе Тобылмен тоқайласып, одан әрі Ертіске, Ертіс – Обьқа, Обь – Қар теңізіне, Қар теңізі Солтүстік мұзды мұхитқа ұласады. Демек, Обаған – Ұлы дала төсіндегі кішігірім жылғалардан басталып, алыстағы алып мұхит қойнауында байыз табатын өзен.

Экология • 07 Маусым, 2023

Тұзды сор қашан құрғатылады?

Кім-кімді болса да Арал теңізі теміржол станса­сының қарсы бетіндегі көлемді тұзды сор мәселесі ойлантпай қоймайды. Тіршілік еткен соң қайсыбір жылдары қаладағы сортаң мен сор жерлерді топырақпен көмгенде, бұл тұзды сор неге ұмыт қалған? Әлі күнге дейін көпшілікті таңғалдырып келеді. Бөлінген бюджет қаржысы аз болды ма, әлде күші жетпеді ме?

Жәдігер • 07 Маусым, 2023

Отырардың тарихи құбырлары

Отырар ежелгі заманнан-ақ қала­сында ғылым мен мәдениет, сауда өндірісі, даласында егін, мал шаруашылығы қатар дамы­ған әлемдік мәдениеттің ірі орта­лық­тарының бірі болған. Ежелгі жазба деректерде: «Отырардың аумағы ұзындығы мен еніне қарай шамамен бір күндік жер болған». Яғни Отырар сол кезде 200 гектардай жерді алып жатқан.

Қоғам • 06 Маусым, 2023

Медиа: зерттеу мен болжам

Әлемдік зерттеулерде өзге тақырыптармен қатар журналистика мен медиадағы болжамды бағамдап отыру әдетке айналған. Күнделікті өмірге сіңіп кеткен медиа саласының бетбұрысы, үрдісі қандай? Осы орайда Оксфорд университеті, «Reuters» журналистиканы зерттеу институты мен «Google жаңалықтар бас­тамасы» бірлесіп жүргізген зерттеуі назар аударуды қажет етеді. Өткен жылы жарық көрген «Журналистика, медиа және технология трендтері мен 2023 жылғы болжамдар» атты есеп 53 мемлекеттегі 303 жетекші медиакомпания басшысынан алынған сауалдамаға негізделген. Сауалдама нәтижесінде келесідей бірқатар үрдіс анықталған:

Шаруашылық • 06 Маусым, 2023

Тарбағатай: Түйіні шешілмеген түйткіл көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп саласын дамыту туралы тапсырмалары, осы саланың маманы болғандықтан, мені де бейжай қалдырмады. Қолыма қалам алып, өз көрген-білгенімді ой елегінен өткізіп, ортаға салғым келді. Кеңес одағы тарағаннан кейінгі дағдарысты біздің Тарбағатай ауданы да бастан кешті. Облыстар мен аудандар қысқарды. 1997 жылы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауданына қосылды. Бұл жағдай халықтың әл-ауқатының төмендеуіне әкеліп соқты.

Тұлға • 06 Маусым, 2023

Жалау Мыңбайұлы Түркияда ардақталды

Мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлын (1892-1929) кеңестік Қазақ автономиясында елдік-ұлттық құндылықтарды жалғастырған, Алаш зиялыларын қадірлеген, ел мен жер тұтастығына қызмет еткен тұлға ретінде бағалаған дұрыс.

Қоғам • 05 Маусым, 2023

Бауырластар туралы баян

Кешегі кеңестік кезеңдегідей емес, тәуелсіздіктің арқасында бүгінде азаматтарымыздың алыс-жақын шетелдерге ат арытып барып-келуі пәлендей тосын жаңалық болудан қалды ғой. Адам өмірге бір рет қана келетіндіктен, байырғы бабалар сөзімен айтар болсақ, «Асың барда беріп жүріп ел танығанға, атың барда желіп жүріп жер танығанға» не жетсін? Өйткені өзге елдің тыныс-тіршілігімен, ондағы халықтың өткенімен, мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен, салт-дәстүрлерімен танысқан сайын өзіңнің де көкірек көзің ашылып, дүниетанымың кеңейетіні, жан дүниең байи түсетіні шындық.

Ғылым • 05 Маусым, 2023

Ғылымның қия жолында

Біздің буынның еңбекке араласуы тәуелсіздікпен тұспа-тұс келді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында еңбек жолын бастағандықтан, осы жылдар аралығында ғылым саласындағы түрлі оқиғаға куә болдық. Ел экономикасының күрт құлдырауы ғылымда жүргендердің қалтасын қағып, жан бағу оңай шаруа болмай қалды. Әди Шәріпов, Мұхаметжан Қаратаев, Мүсілім Базарбаев, Зәки Ахметов, Серік Қирабаев, Жұмағали Ысмағұлов, Әбділхамит Нарымбетов, Шериаздан Елеукенов, Қабиболла Сыздықов, Бақытжан Майтанов тәрізді әдебиеттану ғылымының майталмандарымен бірге түрлі қиындықты жеңдік. Бұл жылдары институтты С.Қирабаев, Ш.Ыбыраев, С.Қасқабасов, У.Қалижанов, К.Матыжановтар басқарды. Бүгінгі әңгімеміз филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі Уәлихан Қалижанұлы төңірегінде болмақ.

Таным • 05 Маусым, 2023

Шаһарлардың «мерейтойлық шеруі» немесе Қарқаралы тарихын қай уақыттан бастаған дұрыс?

Еліміздегі жер-су, елді мекен атауларын тарихи әділдікпен қалпына келтіру ісі жүзеге асып келеді. Сонымен қатар елді мекендердің іргетасы қаланған жылын тарихи-деректік тұрғыдан анықтау – қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі. Мәселен, патшалық Ресей қазақ жерін отарлау барысында қала-бекіністер салғаны мәлім. Содан қалған кейбір қалалық мекендердің тарихын анықтағанда, көбінесе патшалық Ресейдің бұйрығы шыққан уақытпен есептеу әдетке айналды. Бұл тарихи әділдікке жата ма? Біздіңше ел тарихындағы қалалардың жасын есептеуде жаңаша көзқарас қалыптастыратын уақыт жетті. Әйтпесе, тағы да қазақ жерін отарлау мақсатында салынған қала-бекіністердің «мерейтойлық шерулері» жалғаса беретіні анық.

Руханият • 04 Маусым, 2023

Қазақбаевты ұмытпасақ екен...

Қазақстан Жоғарғы кеңесі төралқасының тұңғыш төрағасы Әбдісәмет Қазақбаевтың саналы ғұмыры, азаматтық, қайрат­керлік жолы – бүгінге, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге.