
Қазақстан • 17 Шілде, 2019
Әуе кеңістігінің транзиттік мүмкіндігі зор
Бас шаһарда «Routes Silk Road 2019» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, сондай-ақ Орталық Азия елдері үшін әуе маршруттарын дамытуға арналған бірегей алаң. Дүниежүзілік құрылтайдың шеңберінде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, азаматтық авиацияның келешегі қаузалды.
Экономика • 17 Шілде, 2019
«Қарапайым заттар экономикасы» қалай дамып жатыр?
«Теңге тиыннан құралады» демекші, бизнесте шағын мекемеден ірі компанияға айналған ұйымдар жетерлік. Әлемдік тәжірибені алып қарасақ, әйгілі полковник Сандерс (Харланд Дэвид Сандерс) кішігірім дәмхананы он жылдың көлемінде дүйім Құрама Штатқа танымал мейрамханаға айналдыра білді. Бүгінде аталған жедел тағам мейрамханасының шартараптағы желілерінен өзің шатасасың. Тізбектей берсек мұндай мысалдар жетерлік. Ал біздегі шағын бизнес конъюнктурасының деңгейі қандай? Отандық кәсіпкер қызмет көрсету ландшафтының ауқымын кеңейтуге қаншалықты мүдделі? Қазақстан «қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін толық пайдаланып жүр ме?
Экономика • 17 Шілде, 2019
Квазимемлекеттік сектордағы керенаулық
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына ұшыраған мәселелердің бірі квазимемлекеттік секторға қатысты. Президент бюджеттен ақша алып отырып, шығынға батып жүрген компанияларды анықтауды тапсырды.
Әлем • 16 Шілде, 2019
Адамзаттың Айға аяқ басқанына - 50 жыл (фоторепортаж)
1969 жылы АҚШ-тың «Аполлон-11» ғарыш кемесі айға алғаш рет ұшырылды. Вашингтондағы Ұлттық өнер галереясы осынау жарты ғасырлық тарихы бар оқиғаға орай көрме ұйымдастырды.
Экономика • 16 Шілде, 2019
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі - 210,4 млрд теңге, өсімпұл - 122,9 млрд теңге, айыппұл - 7,4 млрд теңге мөлшерінде қарызы бар әлеуетті қатысушы – бұл 90 077 салық төлеуші.
Президент • 16 Шілде, 2019
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Сенаторлар Батыс Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындарымен кездесті
Парламент Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ерболат Мұқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапар аясында бірнеше ауылдарда болып, жергілікті халықпен кездесті. Сенаторлар Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық саясаты мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы туралы тұрғындарды хабардар етті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 16 Шілде, 2019
Берік Уәли Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай өлеңін оқу эстафетасын жалғастырды.
Қоғам • 16 Шілде, 2019
Қой шаруашылығы еліміздің мал шаруашылығының басты саласының бірі саналады. Шетелдердің қой өсіру индустриясына көз жүгіртсек, көбінесе тез семіретін етті, етті-жүнді тұқымды өсіруге басымдық беретінін байқаймыз. Соңғы бес жылдықта Қазақстанда да мал басын асылдандыру, өнімін шет мемлекеттерге экспорттау жолға қойылып келеді. Себебі бұл үрдіс ет шаруашылығымен қатар ел экономикасының дамуына да жол ашады.
Қоғам • 16 Шілде, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысы Ләйлім Ерланқызынан қабылдап, көпшілікке жолдаған хакім Абайдың 175 жылдығына арналған ақын өлеңдерін оқу эстафетасына Қазақстан халқы Ассамблеясы қызу қолдау білдіруде.