Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23723 материал табылды

Талбесік • 22 Тамыз, 2024

Экологиялық сауат әліппесі

Табиғи байлықтардың сарқылып, қор­шаған ортаның ластанып бара жатқанын қаперге алсақ, халықтың экологиялық сауатын арттыру мәселесінен айналып өтпейміз. Елдің көрсе көз тоймайтын алуан табиғатын, бірегей экожүйелерін, бай флорасы мен фаунасын сақтау – баршаға ортақ, маңызды міндет. Осы тұста біз ел арасында экологиялық мәде­ниетті қалыптастыруға негіз бола­тын компоненттердің кейбір нұсқаларын атап өткенді жөн көрдік.

Тағзым • 21 Тамыз, 2024

Еңбегі адал, жаны ізгі тұлға еді

Адал еңбегімен елдің құр­метіне бөленіп, халқының жүрек төрінен ерекше орын алған Сүйін­дік Байкенұлымен 1972 жыл­дан 1992 жылға дейін «Же­ңіс» кеңшарында қыз­мет­тес болдым. Ол кісі кеңшар директоры, мен кә­сіподақ ұйымы төрағасы қызметін ат­қардым. Сү­йін­дік Бай­­кенұлы ұжым­ды бас­­қарудағы іскерлік, ұйымдас­­тырушылық қа­бі­л­е­тімен, адал еңбегі­мен ха­лыққа қадірлі болып, абы­ройлы қызмет атқарды.

Зерде • 21 Тамыз, 2024

Артына өшпес із қалдырған

Тілдің пайда болу, даму жолы үдерісін танып, зерттеп-зерделеуде сөз­діктер мен түсіндірме сөздіктер басты құрал болады. Сондай-ақ тіл ұлт-ұлыстың қауымдық ортақ психологиясын қа­лыптастырады. Қыс­қасы, тіл ұлт үшін ор­тақ діл іспеттес. Осы қа­ғиданы берік ұстанған Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Ясауи сынды ғұламалар шы­ғар­ма­ларын түркі тілінде жазып, түркі тілін жаңа белес­ке көтерді.

Тұлға • 21 Тамыз, 2024

Бейімбеттің «Шапайы»

1925 жылдан 1937 жылға дейін қазақ, орыс, ұйғыр тілдеріндегі 66 кітапта авторлық құқығы сақ­тал­ған Бейімбет Майлиннен көлемді де көрнекті көп мұра қалды. Қазір жинақтан-жинаққа ауысып жүрген жүзге тарта поэзиялық туындысы, қырық­шақты көркем әңгімесі, танымал бірнеше повесі мен романы, он беске жуық пьесасы, екі жүзге жуық журналистік еңбегі белгілі. Ал белгісіздері қаншама?«Қазығұрт» баспасы шығарған көптомдық шығармалар жинағына кірмеген, кезінде қолға түспеген, іздеп таба алмаған, әлі де іздестіріліп келе жатқан еңбектері бар. Соның бірі – оқырман назарына ұсынылып отырған төмендегі әңгіме.

Қоғам • 21 Тамыз, 2024

Психология институтының қажеттілігі

Кейінгі жылдары жастар арасында зиянды әдеттердің белең алуы, оның ішінде нашақорлық, вейп, насыбай, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және агрессия секілді проблемалар қоғамға, отбасы құндылығына қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында баса айтты.

Тағзым • 20 Тамыз, 2024

Әке аманатына сызат түспейді

Ел іргесі бұзылмай, тыныштықта бейбіт өмір сүрудің өзі – адамзат үшін үлкен бақыт. Осындай шадыман шаттығы мол өмір сыйлаған ардагерлердің қаһармандығына әрдайым бас иіп, тағзым етеміз. Тарихтың еншісіне кеткен Екінші дүниежүзілік соғысқа біздің әкеміз Ұзақ Ахметов те қатысты.

Энергетика • 20 Тамыз, 2024

Қазақстан АЭС салу барысында өзінің ядролық отынына сенеді

Қазақстан — ядролық отын шығаратын аз елдердің бірі. Отынды отандық бірінші АЭС салуға қолдану жоспарланып отыр. Бұл туралы «Қазақстандық атом электр стансалары» АҚ директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша бүгін Астанада өтіп жатқан жария талқылау барысында мәлімдеді.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2024

Түгіскен түлеткен түлектер

Өткенді ойласам, Сары­арқа, ондағы қыз-қыз қай­наған тіршілік, көнекөз қариялардың бейнесі көз алдыма келеді де тұрады. Зымыраған уақыт-ай, өлкеде туып, есімі тарихта қалған жақсы-жайсаңдар, республикаға танылған адал еңбеккештер де көп болып еді. Осындай ойлар, қалтқысыз сәттер қолыма қалам алдырды.

Білім • 20 Тамыз, 2024

Педагогтер біліктілігін арттырды

Алматыда педагогтер «География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс істеудің білім беру технологиялары» атты біліктілікті арттыру курсына қатысты.

Мирас • 20 Тамыз, 2024

Саматтың садақтары

Садақ ату – халқымыздың қанына сіңген өнер. «Садақ пен қазақ» егіз ұғымға теңеліп, ежелден ұлтымыздың бес қаруының бірі саналған. Кешегі кеңестік кезеңде бұл қымбат мұрамыз көмескіленгенімен, қазір садақшылық өнер қайта жанданып келеді. Жастар арасында да осы жауынгерлік өнерге ынталылар қатары артқан. «Әр мектепте садақ үйірмелері болса екен...» деген де пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл өнерді өрлету үшін алдымен оның сапасы мен бағасы да тұтынушыға қолайлы болғаны дұрыс дейді садақ ісімен айналысатындар. Алайда дайын садақтар сырт елдерден келетіндіктен, оның нарықтағы бағасы да қымбаттау.