Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Үкімет Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Асқар Маминнің төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
2019 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 38 308 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 18 072 адам жұмысқа орналастырылса, оның 12 836-сы немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
Елордалық депутаттар мерекелік медальдармен марапатталды
Елорда әкімдігінде «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен ҚХА( Қазақстан халқы ассамблеясы) төрағасының Алғыс хаттарымен депутаттар мен мәслихат депутаттары марапатталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әдебиет • 19 Желтоқсан, 2019
Абайдың 175 жылдығына арналады
Чехияның «Клементинум» Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы мен Чехия ұлттық кітапханасының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қайта қол қою рәсімі болды.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
ЮНЕСКО-ның Бас хатшысымен кездесті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Парижде ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Одрэ Азулемен кездесті деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Энергетика министрінің кандидатурасымен келісті
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Энергетика министрі лауазымына тағайындау үшін Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасын келісті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың М.Досмұхамбетовті өңір әкімі лауазымына ұсынған кандидатурасына қолдау білдірген Атырау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2019
Бүгінде әлемдегі таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарынан табылып, беделді QS рейтингі бойынша 207 орынды иеленіп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің толайым табысының іргетасы ғылыми кадрларды даярлауға жете көңіл бөлініп, теориялық және қолданбалы зерттеулерді дамытуға баса назар аударылған өткен ғасырдың 60-70 жылдары қалана бастады десем, ақиқаттан алыс кетпеспін. Бұл кездері университетімізде физика, математика, химия және биология бойынша жаңа кафедралар ашылып, қоғамдық ғылымдар саласында да үлкен серпіліс болды.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2019
Құдайберген Жұбанов және қазақ терминологиясының кейбір мәселелері
Өз өмірін тұтастай қазақтың тілі мен мәдениетінің өрлей түсуіне бағыштап, небәрі 40-қа енді шыққан шағында халық жауы атанып мерт болған тілшінің өзге еңбектерін өзге жұрт айта жатар. Менің бұл жолғы мақсатым – Құдайберген Жұбановтың қазақ жазуының емлесі мен терминологиясына қатысты еңбектеріне назар аудару, әсіресе терминологияға байланысты ойлары мен пікірлеріне бойлау. Бір қарағанда оның термин туралы жазған еңбегі шамалы ғана. Атап айтқанда «О специфике слов-терминов» (1933 ж.), «О терминологии казахского литературного языка» (1935 ж.), «Принципы терминологии казахского литературного языка, принимаемые государственной терминологической комиссией», «К пересмотру казахской орфографии» (1935 ж.) деп аталатын еңбектерін атауға болады.