Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23682 материал табылды

Үкімет • 23 Қараша, 2019

Әскери бөлімге аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді

Қорғаныс министрдің 04.09.2019 бұйрығымен Алматы қаласындағы Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөліміне полковник Борис Керімбаевтың, аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді. Осылайша, әр ұрпақтың әскери қызметшілері үшін әскери борышты, ерлік пен ар-намысты орындаудың лайықты үлгісі болып табылатын қазақ офицерінің есімі мәңгі есте сақталмақ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 23 Қараша, 2019

«Батыс» Өңірлік қолбасшылығы жыл қорытындысын шығарды

«Батыс» Өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлықты жетілдірудің, әскери мен құқықтық тәртіпті нығайтудың, әскери қызмет пен  күнделікті тіршілік ету мәселелерін жақсартудың негізгі бағыттары бойынша оқу-әдістемелік жиын өткізеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 23 Қараша, 2019

Қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау күшейтілді

17 жастағы мүгедек студентті аязды күні автобустан түсіріп кеткен елордалық жүргізуші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook парақшасында жазды.  

Үкімет • 23 Қараша, 2019

Өзбекстанда қазақстандық медицина күндері өтіп жатыр

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының жылы» эгидасының аясында қазақстандық медицина күндері өтіп жатыр. Үкіметаралық келісімдердің шеңберінде ұйымдастырылған бұл іс-шараның басты мақсаты екі республиканың денсаулық сақтау, медициналық білім беру жүйелерінің диалогын дамыту және нығайту, сондай-ақ ауруларды жаңа технологиялар арқылы диагностикалау және емдеу бойынша тәжірибе алмасу, деп хабарлады А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.

Аймақтар • 23 Қараша, 2019

Ақмолада ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері талқыланды

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Ақмола облысында жұмыс бабындағы сапарымен болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 22 Қараша, 2019

А.В. Затаевич жәдігерлерінің тұсаукесері өтті

Бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығын тойлау аясында «А. В. Затаевич. Хаттар. Қолжазбалар. Фотосуреттер»,  «А. В. Затаевич. Халық әндері мен күйлері» атты бұрын соңды жарыққа шықпаған туындыларының тұсаукесері өтті.

Президент • 22 Қараша, 2019

Қ.Тоқаев стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 22 Қараша, 2019

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау шаралары қалай дамуда?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету сапасын жақсарту міндетін қойды. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметі бұл бағыттағы шаралар жоспарын әзірлеп, жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде балаларға арналған шағын және орташа оңалту орталықтар желісін арттыру т.б. іс-шаралар қолға алынды. Осы ретте атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Саясат • 22 Қараша, 2019

Елбасы Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті

Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Парламент • 22 Қараша, 2019

Сенатор Сәуле Айтпаева тегін адвокаттар телефонын көтермейтінін айтты

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде болған дөңгелек үстел барысында адвокаттардың қызметі мен заң көмегін көрсету мәселелері талқыланды. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады.