Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3474 материал табылды

ЖОЛДАУ • 17 Қыркүйек, 2025

Реформалардың заңды жалғасы

Әлемдік саяси ахуал шиеленісіп тұрған сәтте Мемлекет басшысының Жолдауынан ел болып ерекше бастамалар күткеніміз белгілі. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің де даму деңгейі қай салада болсын шешуші рөл атқарып жатқаны анық. Бұл ел дамуына жауапты билік инс­титуттарына ерекше құзырет пен жауапкершілік жүктейді әрі прагматикалық шешімдер қабылдап, ашық та нақты қадамдар жасауды қажет етеді.

Зерде • 17 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының Қазандағы суреті

Кіндік қаны қасиетті Торғай топырағында тамған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өмір жолында Орынбор, Қостанай, Омбы, Қарқаралы, Уфа, Семей, Ташкент, Қызылорда, Баку, Архангельск, Алматы қалаларында болғаны мәлім. Көрнекті қайраткер өмір­баянын зерттеуші ғалымдар бұл дерек­ті нақтылаған. Осы ретте Алаш арысының 1902–1904 жыл­дары Омбы қаласында қыз­мет істегенін, Ақмола облысы Халық училищелерінің инспекторы А.Е.Алек­торовтың іс жүргізушісі бол­ға­нын Омбы облысы Тарихи архивіндегі құжаттардан көргенімізді оқырман есіне сала кеткіміз келеді. А.Байтұрсынұлының қолы қойылған бірнеше тарихи құжатты 1998–2000 жылдарда Омбы архивінен анықтадық (8-қор, 1-тізім, 1-іс). Кейінгі кезде көрнекті қайраткердің Омбы кезеңіне қатысты ақпарат толығып, өмірбаянының ақтаңдақ беттері біршама қалпына келтірілді.

Пікір • 17 Қыркүйек, 2025

Алға бастайтын ауқымды жобалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы жылдарға арналған даму стратегиясын айқындайтын бағдарламалық құжат. Мұнда үш жыл ішінде елімізді толыққанды цифрлық елге айналдыру мақсаты қойылды.

ЖОЛДАУ • 16 Қыркүйек, 2025

Технологиялық әлеует әскер айбынын арттырады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы Қарулы күштеріміздің әскери қызметшілері арасында зор қызығушылық пен толық қолдауға ие болды. Жеке құрам Мемлекет басшысының жаһандық технологиялық трансформациялар жағдайында ел дамуының басым бағыттары және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялардың рөлін күшейту жөніндегі стратегиялық үндеуін ерекше ықыласпен қабылдады.

ЖОЛДАУ • 16 Қыркүйек, 2025

Инвестиция мен экономикалық өсім алғышарты

Сауда-саттық – ықылым заманнан келе жатқан күнкөріс көзі. Сол арқылы дүние жүзінде барыс-келіс, алыс-беріс үрдісі қалыптасты. Ұлы Жібек жолы ашылып ел мен елді жалғастыратын алтын көпір пайда болды. Бір жердің саудагерлерінің екінші елде кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік туды. Есесіне уақыт өте келе инвесторлар сан салаға инвестиция салатын жағ­дай­ға жетті. Ал қазіргідей кезеңде инвесторлардың біздің елге бетбұрыс жа­сауы қуантарлық жағдай десек, әсте жаңылыс­пай­мыз.

ЖОЛДАУ • 16 Қыркүйек, 2025

Жасанды интеллект дәуіріндегі айқын бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің бүгінгі замандағы ел дамуының тағдыршешті мәселелерін кеңінен қозғады.

ЖОЛДАУ • 16 Қыркүйек, 2025

Транзиттік тасымал көрсеткіші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауын­да еліміздің саяси-эко­номикалық даму бағыты айқын­далды. Оның басты екі арқауы бар: бірі – инвестицияны өндіріс сала­­­­­сына тарту, екіншісі – тран­зиттік-логистикалық әлеует­ті тиім­ді пай­далану. Соңғысы – қазіргі кезеңде айрықша өзекті.

ЖОЛДАУ • 16 Қыркүйек, 2025

Бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді

Мемлекет басшысы Жолдауда инвестиция тарту мен елдің инвестициялық ахуалын жақсартудың маңыздылығын тағы да атап өтті. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық пен әлемдік экономиканың үдемелі фрагментациясы жағдайында бұл міндет ерекше мәнге ие.

ЖОЛДАУ • 16 Қыркүйек, 2025

Тарихи серпіліс кезеңі

Қазақ – ұлы көштен қалмай, көшбасшы болуға лайық ұлт. Ұлы дала халқы – бағзы заманнан-ақ өркениетке ұмтылған, тіршілігінің өзегіне үйлесімділік пен ақыл-парасатты тоғыстырған ұлт. Еуропа елдері әлі варварлық дәуірде өмір сүріп жатқанда ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр жерге ие болып қана қоймай, табиғатпен үндес, көшпелі болса да, сауатты әрі жүйелі қоғам құрып, мал шаруашылығын жетік меңгерген.

Қоғам • 16 Қыркүйек, 2025

Жас қаламға – тың тыныс

Қазақстан Жазушылар одағы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесе іске асырған «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі», сондай-ақ «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушыларға қатысты зерттеу жұмысын жүргізу» сынды үш ірі жоба биыл да жалғасын тапты.