Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23718 материал табылды

Қоғам • 10 Ақпан, 2020

«Біз біргеміз»: елордалық еріктілер 100 отбасыға көмек көрсетті

Бас қалада «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін қалалық еріктілер қатарына енген Медицина-техникалық колледждің студенттері көпбалалы ана Сұлушаш Тұрланның ауласын қардан тазалауға көмектесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 10 Ақпан, 2020

Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына шектеу қойылды

16 қаңтардан 1 қазанға дейін темір жолдардағы көпірдің тірек бөлігінің күрделі жөнделуіне байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 10 Ақпан, 2020

Қазақстан биатлоншылар одағы ұлттық құраманың төрт спортшысын шеттетті

Бүгін, 10 ақпан күні, Қазақстан Биатлоншылар Одағының президенті Ермек Қизатовтың жетекшілігімен Одақтың тәртіптік комиссиясының кезектен тыс жиыны өтті. Аталған жиынға Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері қатысты. Комиссия мүшелері әлем чемпионаты қарсаңында Австрияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында спорттық режим мен тәртіпті бұзған төрт қазақстандық спортшының мәселесін қарастырды. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

«Ертіс пен Тобыл арасы» жастардың шығармашылығын дамытады

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасымен бірлесіп онлайн режімдегі жаңа жобаны қолға алды. «Ертіс пен Тобыл арасы» деп аталатын тың жоба екі аймақ арасындағы әдеби сабақтастықты арттыруға, жастардың шығармашылығын дамытуға арналды.

Қоғам • 10 Ақпан, 2020

2020 жылдың қыркүйегінен бастап қай санаттағы мұғалім үстемеақы алады?

2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Педагог мәртебесі туралы» Заң күшіне енді. Құжат 21 баптан тұрады және ол мұғалімдердің құқығын қорғау, оларды әлеуметтік қолдауға бағытталған. Заңда ұстаздардың еңбекақысын көтеру, педагогтің кәсіби құзіретіне кірмейтін міндеттер жүктегені үшін айыппұл салу, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жеңілдіктер мен қолдаулар қарастырылған. Аталған заң аясындағы жаңашылдықтар жайында толығырақ primeminister.kz-ке берген сұхбатында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ Үндістанның титан өнімдерін өндірушімен меморандумға қол қойды

5-9 ақпан аралығында Лакхнау қаласында (Үндістан) «Үндістан: қорғаныс өндірісінің дамушы орталығы» 11-ші халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Сенаторлар Әзербайжандағы парламенттік сайлауды бақылады

2020 жылғы 9 ақпанда Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясының Халықаралық байқау миссиясы Әзербайжанда мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Ақпан, 2020

«Шешімін таппаған проблемалар да бар»: Мәжілісте үкімет сағаты өтті

Бүгін Мәжілісте Палатаның вице-спикері Гүлмира Исимбаеваның төрағалық етуімен үкімет сағаты өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Президент Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2020 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және инвестиция тарту мәселесіне орай қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобының жұмысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.