Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23718 материал табылды

Абай • 11 Ақпан, 2020

Жейхун Байрамов: Абай – адамзаттық алып тұлға

Түркі әлеміндегі «Абай жылының» Әзербайжан астанасы Бакуде бастау алуы кездейсоқ емес. Жуырда Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер бас қосқан Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында Түркі әлемінің мерейлі даталар тізімі бекітілген-ді. Сол кезде хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты Әзербайжан Республикасының Білім министрі Жейхун Байрамов мырзамен аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді.

Саясат • 11 Ақпан, 2020

Қабылданған шаралар тиімділігін көрсетуде

Гендерлік теңдік – жынысы бойынша кемсітуге тыйым салу туралы Ереже Қазақстан Конституциясында бекітілген. Қоғамның заманауи даму талаптарына сай гендерлік бағытта «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен және тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктер туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» арнайы заңдар қабылданып, іске асырылуда.

Руханият • 11 Ақпан, 2020

Бұл – адалдық пен әділдік үшін күрес

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сай­лау­ал­ды бағдарламасындағы негізгі басым­дықтардың бірі ретінде мем­лекет пен қоғамның дамуына зор кедергі келтіріп отырған жем­қор­лы­ққа қарсы жүйелі де ымырасыз күрес жүргізу қажеттігін атап көрсеткені жайдан-жай емес. Президент мемлекет пен қо­ғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұдырықтай жұмыла біл­­уі керектігін 2019 жылғы 2 қыр­күйек күнгі «Сындарлы қо­ғам­­дық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Сы­бай­лас жемқорлықпен жан-жақ­ты күресу мәселесі күн тәрті­бі­нен түскен жоқ» деп тағы да пысықтап, нақтылап, атап көр­сет­кен болатын. Сондықтан да бұл мәселе, яғни сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес тек мем­лекеттік органдардың ғана емес, еліміздің әр азаматының ел ал­дын­дағы, тәуелсіздік алдын­да­ғы парызы деп білгеніміз жөн.

Тарих • 11 Ақпан, 2020

Чугуевтік ұшқыштар Шымкентте шыңдалған

Екінші дүниежүзілік соғыста аға ұрпақ өз анттарына адал болып, сол тұстағы ортақ отанымызды қорғау үшін ерлік көрсеткені анық. Біз бүгін осындай бір ерекше жайтқа тоқталмақпыз. Ол майдан даласынан мыңдаған шақырым алыста жатқан шырайлы мекен – Шымкент қаласының соғыс жағдайындағы тіршілігі болмақ.

Технология • 11 Ақпан, 2020

Артур ван Дизен: Цифрландыру ісінде бағытымыз бір

Таяуда Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен ЮНИСЕФ пен ел Үкіметінің инновациялар мен цифрландыруды енгі­зу бойынша бірлескен жұмыстары туралы айтып берді. ЮНИСЕФ пен Қазақстан Үкіметінің ын­тымақ­тас­тығының маңызды бағыттарының бірі – бала­лардың құқықтарын қорғау ісіне инновацияларды енгізу.

Руханият • 11 Ақпан, 2020

Дина оркестрі қалай құрылды?

1957 жылы Құрманғазы оркес­трі­нің ізінше Ахмет Жұбанов­тың ық­палымен, қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың тапсыр­масымен Аты­рауда Д.Нұр­пейісова атындағы облыс­тық­ қазақ халық аспаптар ор­кестрі құрылды. Бүгінде рес­публикадағы ірі мә­де­ниет оша­ғының бірі саналатын ұлы күйші-композитор Дина атындағы ұлт аспаптар ұжы­мының осы дең­гейге жетуін­де оның бастауында тұрған тұлға­лар­дың еңбегі зор.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Ләззат Сүлеймен «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясының бастау алу рәсіміне қатысты

Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен Алматы облысындағы Шамалған ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы жобасы – «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 10 Ақпан, 2020

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.