
Президент • 31 Қаңтар, 2020
«Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Руханият • 31 Қаңтар, 2020
Көрнекті жазушы М.Мағауиннің тәуелсіздік жылдарында жазған жаңа тұрпаттағы шығармалары көркемдік әлемді игерудің тың арнасын қалыптастырып, ұлттық рухты сілкіндіретін өзгеше дүбірлі құбылысқа айналып отыр. Әлемдік әдебиетке түрік рухының тыныс-демін әкелген классик жазушының әсіресе соңғы кезде жазған кез келген шығармасы формалық тұрғыдан мүлде күрделі, әдіс-тәсілі тосын. Әйткенмен бұл туындылардың арғы қатпарында, терең діңінде халық мұрасының құнарлы да айшықты белгілері мол болғандықтан, оқырманды тылсым табиғатымен қызықтырып баурап алады. Біз «Қыпшақ аруы», «Кесік бас – тірі тұлұп», «Жармақ» романдарындағы көне мен жаңаның сабақтастығын, бір сөзбен айтқанда постмодернистік лепте жазылған осы шығармалардың өзегінде өріліп жатқан фольклорлық қолданыстар мен дәстүрлі танымның қызметін ашып көрсетпекпіз.
Саясат • 30 Қаңтар, 2020
Асқар Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесті
Премьер-Министр Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына және «Digital Almaty» форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румаспен және Молдова Премьер-Министрі Ион Кикумен екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 30 Қаңтар, 2020
Мәжіліс депутаттары сайлаушылардың өтініш-тілектерін Үкімет мүшелеріне жеткізді
Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен депутаттардың қаңтардағы өңірлерде кездесу барысында сайлаушылардың көтерген мәселелері бойынша Үкімет мүшелерімен кездесуі өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 30 Қаңтар, 2020
Қазақстандық гандболшылар Подгорицада лицензиялық турнирге қатысады
20-22 наурыз күндері Подгорицада (Черногория) әйелдер командалары арасында гандболдан іріктеу турнирі болады. Бұл туралы деп Olympic.kz. сайты хабарлады.
Спорт • 30 Қаңтар, 2020
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогінің кезеңіне дайындалуда
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Пензада (Ресей) оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Спорт • 30 Қаңтар, 2020
Тау шаңғысынан Янциньдегі әлем кубогі кейінге шегерілді
Коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты халықаралық шаңғы федерациясы, Қытай тау шаңғы қауымдастығы мен жергілікті Янцинь қаласының ұйымдастырушылары 15-16 ақпан күндеріне жоспарланған тау шаңғысынан ерлер арасындағы Audi FIS әлем кубогін кейінге шегергенді жөн санады. Бұл жайында Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады.
• 30 Қаңтар, 2020
Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының әкімі тағайындалды
Бүгін Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жариялады.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен Жергілікті өкілді органдар өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болды. Жүздесуге Қазақстан заңгерлер одағының өкілдері қатысты. Бұл жайында Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020
Сенаторлар салық шараларына қатысты көпжақты конвенцияны қарады
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.